Дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының МАӘС-мен Атырау қаласы бойынша МКБ хабарламасын даулау туралы әкімшілік іс бойынша дау медиация тәртібімен реттелді.

Талап қоюшы «Н» ЖШС жауапкер Атырау қаласы бойынша салық басқармасының камералдық бақылау хабарламасын заңсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Істі сот талқылауына дайындау барысында сот тараптарға істі татуласу рәсімдерін қолдану арқылы аяқтауды ұсынды, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу тәртібін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу тәртібін, олардың құқықтық салдарын, артықшылықтарын түсіндірді.

Нәтижесінде тараптар сотқа дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы екіжақты өтінішхатпен жүгініп, медиатор ретінде іс жүргізуінде іс жатқан судьяны таңдады.

Медиация жүргізілгеннен кейін тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты.

Сот ұйғарымымен тараптар арасында жасақталған медиациялық келісім бекітіліп, талап қою талап қоюшыға кері қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

(Сурет ғаламтордан алынды).

Источник: 
Атырау облысы МАӘС