М.Ғабдолхаев - специалист Канцелярии "Жаңа биіктерді бағындыруға жол ашатын - 100 қадам!" // "Мұнайлы Астана" газеті

Версия для печатиВерсия для печати

Жаңа биіктерді бағындыруға жол ашатын - 100 қадам

Тәуелсіздік алғалы бері  еліміз өзіндік даму  жолына түсіп,  экономикамыз да, басқада мемлекетті қалыптастыратын негізгі тетіктер қарқынды дамып келеді. Елбасы қашанда жарқын бастамалардың жаршысы, алдағы өмірді айқындай білетін бағдарлаушы іспеттес, оның сындарлы саясатының арқасында жыл өткен сайын халқымыздың әл-ауқаты артып,  еркіндікті ту еткен егемен еліміздің мәртебесі шыңдалып отырғанын байқауға болады. Әлемдік аренада  ойып түсер орын алатын Қазақстанды дамыған  30 елдің қатарына енгізуге  мүмкіндік беретін Президенттің “100 нақты қадам”  Ұлт жоспарымен бір адамдай болып танысып шықтық. Байқағанымыздай, әр қадамның ерекше қоғамдық-саяси маңызы бар, онда  кәсіби мемлекеттік аппарат құру,  заңның үстемдігін қамтамасымз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім,  біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру  секілді ауқымды мақсат-міндеттер қойылған.

Бүгінде бейбітшілік пен келісім орнаған қазақ даласында 130 дан астам әр түрлі этнос өкілдері бір үйдің баласындай тату - тәтті өмір сүріп келеді. Осы тұста биыл Қазақстан ұлттар ассамблеясы үшін мерейлі мереке 20 жыл  толып отырғанын атап кеткен жөн, әр Қазақстандық үшін ең бастысы елдің бірлігі, тыныштық-татулығын сақтай отырып, теңдікті сақтаудың маңызы зор.

Елімізде қоғамдық келісім пен ұлтаралық келісімнің салтанат құруына Қазақстан халқы Ассамлеясының атқарып отырған жұмысы қомақты деп айтуға болады. «Біртектілік пен бірлік» атты бесінші реформаның  58 қадамы «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу,  ал  89 қадам «Нұрлы жол» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру туралы айтылған. Мен қазіргі уақытта Атырау қаласының №2 сотында қызмет атқарып жатырған жас мамандардың бірімін. Мәңгілік ел патриоттық актісін дайындауға үлес қосу, мен сияқты  еліміздің барша жастарының бойына отансүйгіштік, өзінің туған еліне, жеріне деген зор құрметін сезіндіруге мүмкіндік береді.

Қоғамның  дәл бүгінгі тіршілігін дөп басып, алдағы асулы асқар міндеттерді айқындаған жоспарды іске асыру жолында  бар күш-жігерімізді  салып, адал әрі абыройлы еңбек етуіміз керек деп ойлаймын.

Ұлт жоспарының әр қадамы ауқымы кең жұмысты жан-жақтан атқаруға, шыңдарлы биіктерді бағындырып, алға қарай ұмтыла беруге жол ашады.

Дана халқымызда «бірлік болмай тірлік болмас» деп бекер айтпаса керек, міндет ол  тұтастықты сақтау, тыныштықты қамтамасыз ету. 

«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел», - деді Президент. 

«Мәңгілік ел» патриоттық актісі мен «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын  қалыптастыруды одан әрі қолдап, тынымсыз еңбектің толымды нәтижесімен ғана толағай табыстарға жетуге болатындығын болашақ ел патриоттарына айтып жеткізу, шетелдік тәжірибемен алмасып, өз үлгімізді көрсету,  бұл  жолда  бүгінгінің батырларын, яғни, әр салада  жетістікке жеткен  тұлғаларымызды нақты мысал ету идеялары  да  біздің жұмысымыздың қай арнада өрбуі қажеттігін меңзеп тұрғандай. Әр жас маман «Нұрлы жолмен» жүріп, Мәңгілік елді мұрат етіп, еліміздің гүлденіп, көркейіп, дами түсуіне  тікелей себепші екендігін естен шығармауы керек.

«Нұрлы Жол» және индустриялық-инно­вациялық даму мемле­кеттік бағ­дарламаларын жүзеге асыруға арналған дәстүрлі телекөпірдің барысында Елбасы Н.Назарбаев «Біз – Ұлы даланың перзенттеріміз. Біздің бабаларымыз осы далада өмір сүріп, көкке табынған. Тәңірі дегеніміздің өзі – көк аспан. Біздің туымыздың көк түсті болуының астарында да осындай сыр бар. Бірегей көк түс – еліміздің бірлігінің белгісі. Ен­деше, бізге неге өзімізді Ұлы дала еліміз деп атамасқа» деп рух көтеріп, Қазақи брендті дамытудың тәсілін тілге тиек етті.

Келешекте алар асуымыз, бағындырар белесіміз биік болатынына  сенімдімін. Әрқашан егемендіміз еңселі болып, патриоттық, отансүйгіштік қасиеттерді бойына сіңірген саналы азаматтар қатары көбейсе, ел ертеңінің жарқын болары хақ!

 

М.Ғабдолхаев