АТЫРАУ ОБЛЫСЫ СОТТАРЫНЫҢ 2020 ЖЫЛДЫҢ 1 ТОҚСАНЫНДАҒЫ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ӘКІМШІЛІК ІСТЕР БОЙЫНША СТАТИСТИКА

 

2020 жылдың 1 тоқсанында облыс соттары 2552 адамға қатысты барлығы 2552 әкімшілік істі қаралып, келесі есептік кезеңге 50 іс қалдырылды. (2019 жылдың 1 тоқсанында – 83.) Апелляциялық тәртіпте 6 іс бойынша қаулының күші жойылды және 6 іс бойынша қаулы өзгертілген бұл 0,2%-ды құрап отыр.

Статистикалық деректер бойынша 2020 жылдың 1 тоқсанында апелляциялық сот алқасына 103 әкімшілік іс келіп түсті, бұл 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13 әкімшілік іске ұлғайғанын көрсетеді.

                     

             АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША СТАТИСТИКА

 

2020 жылдың 1 тоқсанында облыс соттарына 3469 талап арыз түскен, оның ішінде 3044 немесе 87,7% арыз сот өз өндірісіне қабылдаған. Түскен арыздың 267-і немесе 7,7% қайтарылып, 34 немесе 0,9% қабылдаудан бас тартылған. 

2020 жылдың 1 тоқсанында соттармен 3283 азаматтық іс аяқталып, оның ішінде 2095 іс шешім шығарумен біткен  (2019ж.- 3847),  16 (2019ж. - 17)  азаматтық істер бойынша шешімнің күші жойылып 0,7% (2019ж.-0,4%) пайызды құрады, өзгертілген 37 (2019ж. - 45) немесе 1,7% (2019ж.-1,2%) сот актісі болған.

Есептік кезеңде 63 азаматтық іс, ал 2019 жылдың 1 жартыжылдығында 14 азаматтық іс тоқтатылған.

2020 жылдың 1 тоқсанында соттармен 395 азаматтық іс қысқартылып (2019ж.-905), оның ішінде татуласу келісіммен 81 іс (2019ж.-479), медиация тәртібімен 226 іс (2019ж.-322), парситипативтік келісіммен 3 іс (2019ж.-7). 429 азаматтық іс қараусыз қалдырылған (2019 ж.- 279).

      

           ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША СТАТИСТИКА

 

2020 жылдың 3 айында облыс соттарымен 329 адамға қатысты 274 қылмыстық іс аяқталған, оның ішінде 194 қылмыстық істер бойынша 236 адамға қатысты сот актілері шығарылған.

Барлығы 66 адам бас бостандығынан айыруға сотталған, 2 адам ақталған, ал 2019 жылы 5 адам ақталған.

Апелляциялық тәртіпте 4 (2019 ж.-4) үкімнің күші жойылды, бұл 1,3%(2019 ж.-1,5%) құрады, 3 (2019 ж.-3) сот актілері өзгертілді, пайызы 1,9% (2019ж. -1,1%) құрады.

Кассациялық тәртіпте 1 үкімнің күші жойылды, ол 0,3% - ды құрады, 3 сот актісі өзгертілді, пайыз 1,0% - ды құрады.

2020 жылдың қорытындысы бойынша сот өндірісінің қалдығында 6 айдан астам қылмыстық істер жоқ.