Әкімшілік алқамен салық дауы бойынша татуласу келісімі бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы Х. Атырау МКБ-на 2022 жылғы 16 сәуірдегі салықтық есептілікті тапсыру туралы хабарламаның күшін жоюды сұрап сотқа талап арызбен жүгінді.

Атырау облысы МАӘС шешімімен талап қою қанағаттандырылып, МКБ-ның хабарламасы заңсыз деп танылып, күші жойылды.

Аталған сот шешіміне жауапкермен апелляциялық шағым берілді.

Апелляциялық сот отырысында тараптар істі татуласумен аяқтауға ниет білдіріп, сотқа татуласу келісімін ұсынды.

Алқаның ұйғарымымен іс бойынша татуласу келісімі бекітілді.

Келісім шарттарына сәйкес, МКБ талап қоюшыға қатысты шығарылған салықтық есептілікті тапсыру туралы хабарламаның күшін 5 жұмыс күн ішінде жоюға міндеттенді. Талап қоюшы Х. талап қою арызынан бас тартты. Сот талап қоюшыға мемлекеттік бажды төлеу бойынша шығынды қайтарды.МАӘС шешімінің күші жойылды.

Алқаның ұйғарымы заңды күшіне енді.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі