АМӨЗ айыппұл төлемейтін болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасы Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  облыстық экология департаментінің АМӨЗ-ден (Атырау мұнай өңдеу зауыты) 24 миллиард теңгеге жуық  экологиялық айыппұл төлеу жөніндегі  талабын қанағаттындырудан бас тартқан шешімін  өзгеріссіз,  экология департаментінің аппеляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

Естеріңізге сала кетелік, 2014 жылдың наурыз айындағы текесру барысында   облыстық экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытына қышқыл газды жағып,қоршаған ортаны ластағаны үшін 23,7 млрд теңге  көлемінде  экологиялық залалды өтеу туралы ұйғарым шығарды.

АМӨЗ басшылығы өз кезегінде тексеру нәтижесімен келіспейтінін,  зауыт белгіленген лимиттен тыс  атмосфераға  залалды  қышқылдар шығармайтынын,  ал бүкіл   қышқыл газ   сұйық күкірт алуға жіберілетін  атап көрсетті. 

Тәуелсіз сараптама жасау жұмысына  Атырау мұнай және газ институты, «Гипрогазочистка» ААҚ,  «Йокогава Электрик Казахстан» ЖШС мен Қазақ мұнай және газ институты және  Башқұртстан Республикасының Мұнай-химия өңдеу институтының мамандары  жұмылдырды. Нәтижесінде  экология департаменті cотта АМӨЗ-дің 693 753,1 текше метр көлемінде қышқыл газды жағу фактісіне жол бергенін дәлелдей алмады. 

                                                    

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі