Аңшы қаруын заңсыз сақтағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат Ж. ішкі істер органдарында тіркелмеген  екі тегіс ұңғылы, 16 калибрлі аңшы қаруын заңсыз сақтаған.

Сотта Ж. кінәсін мойындап, ішкі істер органында тіркелмеген мылтықтың қайтыс болған әкесінен қалғанын, оны ешқашан қолданып көрмегенін және тіркелмеген қаруды тапсыру керектігін білмегенін айтты.

Атырау облысы Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөлімі маманының балистикалық зерттеу қортындысы бойынша Ж.-дан алынған қару 16 калибрлі екі тегіс ұңғылы аңшы қаруы, атуға жарамды екені көрсетілген.  

Сот қаулысымен азамат Ж. кінәлі деп танылып, құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған қару тәркілене отырып, оған 38 892  теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Источник: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі