Ср, 20/03/2024 - 15:48
Атырау қалалық сотында сот қызметкерлері арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - қоғамның әр түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағұлмат беру, пікір алмасу, өз ойларын жеткізу.
Өткізілген интеллектуалдық ойын төрт кезеңнен тұрды. I кезең - қатысушыларға логикалық сұрақтар, II кезең - ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бойынша сұрақтар, III кезең - сыбайлас жемқорлыққа қатысты ситуациялық сұрақтар, ой пікір-талас, IV кезең - тақырыпқа сай сурет салу.
Интеллектуалды ойын қатысушылары «Ең үздік шапшаң тапқыр», «Білімді де білгір», «Алғыр маман», «Адал заңгер» атты номинациялармен марапатталды.
Қатысушылар осы өткізілген іс-шарадан сыбайлас жемқорлықтың қоғамға кесірін тигізетін індет екендігіне тағы бір мәрте көз жеткізді.