Атырау қалалық сотында үстел теннисінен және садақ атудан турнир өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотымен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай сот қызметкерлері арасындағы «Тимбилдинг» ұйымдастырылып, үстел теннисінен және садақ атудан турнир өткізілді.

Өткізілген шараның мақсаты - қызметкерлердің ұйымшылдығын жоғарылату, бір-бірінің жеке қасиеттерін танып-білу, бірігіп жұмыс жасауға ынталандыру, жоғары тиімділігі бар бірлескен әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, бейімділігін дамыту.

Өткізілген іс-шара команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, ұжымның бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізді.

Турнирде 4 команда ойын көрсетіп, қорытынды бойыша cадақ атудан  I орын «Е-өтініш», II орын «АВФ», III орын «Е-қызмет» командаларына бұйырды.

Үстел теннисінен I орынды «АВФ», II орынды «Е-қызмет», III орынды «Е-өтініш»  командалары иеленді. Женімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

Қатысушылар өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайтып, ауыз біршілікті арттыруға әсер еткен турнирден керемет әсер алды.

Қайнар: 
Атырау қалалық соты