Атырау облыстық сотында кадрлық өзгерістер болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
        Атырау облыстық сотының төрағасы Смағұлов Мұхтар Керімқұлұлы сот ұжымына облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының жаңадан сайланған төрағасы К.Ж.Нурышевты таныстырды.
        Қазақстан Республикасы Президентінің 06 мамыр 2014 жылғы №816 Жарлығымен Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болып К.Ж.Нурышев сайланды.
        К.Ж.Нурышев 1961 жылдың 27 қазаны күні Атырау облысында дүниеге келген.
        Бұған дейін Атырау облысының сот жүйесінде жұмыс жасап, Атырау облыстық сотының судьясы, Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы, Батыс Қазақстан  облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот алқасының төрағасы, Батыс Қазақстан  облыстық сотының төрағасы лауазымында қызмет еткен.
        Бұдан басқа жоғарыда айтылған Жарлыққа сәйкес Даумов Дауренбек Нурлыбекович № 2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы лауазымынан босатылып, № 2 Атырау қалалық сотының судьясы лауазымына тағайындалды.