Атырау облыстық сотында Наурыз мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Атырау облыстық сотының концеренц залында сот судьялары және қызметкерлерінің қатысуымен Наурыз мерекесіне арналған жиын  өтті.

Атырау облыстық сотының төрағасы М.Бектұрғанов қатысушыларды шын жүректен Наурыз мерекесімен құттықтады.

Өз сөзінде төраға,   Наурыз мерекесі – қазақ халқының баға жетпес мәдени-рухани мұрасының көрінісі іспеттес. Тарихы бағзы замандардан бастау алатын Ұлыстың ұлы күні бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының барша халқына ортақ халықтық мереке ретінде бұқаралық сипат алып отыр.Бұл мереке қоғамның саяси тұрақтылығын, Қазақстан халқының бірлігін, ынтымағы мен достық қарым-қатынасын нығайта түсуде маңызды  орын алады,-деп атап өтті.

Шара соңында Атырау облыстық сотының төрағасы Атырау облысы бойынша Судьялар одағы филиалы ұйымдастырған «Үздік сот отырысының хатышысы» байқауының жеңімпазы, Атырау қаласының №2 сотының бас маманы - сот отырысының хатшысы  К.Чапуринаны марапаттады.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі