Атырау облыстық сотында ұжымның нәзік жандыларын мерекемен құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Атырау облыстық сотының төрағасы Мухтар Парменов облыстық соттың нәзік жандыларын 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады.

Іс-шараға облыстық сот судьялары, Сот әкімшілігі Атырау облысы бойынша Департаменті қызметкерлері қатысты.

Атырау облыстық сотының төрағасы Мухтар Парменов қоғамдағы әйелдердің белсенді қызметін, сот жүйесіндегі рөлін атап өтіп, ұжымның нәзік жандыларын мерекемен құттықтап, денсаулық, даналық пен түсіністік, отбасылық бақ-береке және көктемгі көңіл-күй тіледі.

Сондай-ақ, азаматтық алқаның төрағасы М.Ерғазиев, облыстық соттың судьясы Б.Жұмабаев өз мерекелік тілектерін білдірді.

Салтанатты іс-шара мерекелік концертке ұласты.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі