Әдеп нормаларының сақталуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлжан Жұмағалиева Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтау туралы семинар өткізді.

Семинарға аудандық және оған теңестірілген соттар әкімшісінің басшылары және мамандары қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты – сот қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметшілердің әдептік нормаларының сақталуы, ол жөнінде кешенді білімді қалыптастыру болып табылады.

Қатысушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің жоғары моральдық-әдептілік бейнесінің сақталуына, қызметтік әдепті бұзғаны үшін жауапталатыны және сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан іс-әрекеттерге жол бермеуге баса назар аударылды.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі