Әкесі ұлының оқу ақысын төлеуге міндеттенді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқу ақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, талап қоюшы Д. мен жауапкер С. арасындағы заңды неке бұзылғаннан кейін ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған жасөспірім ұлы анасымен бірге тұрған.

Талап қоюшы өз талап арызында ортақ ұлдары күндізгі оқу нысаны бойынша Атырау жоғарғы медициналық колледжінің ақылы бөлімінің студенті екендігін, алайда, бүгінгі күні әкесінің алимент бойынша міндеттемелерін өз еркімен орындамағанын көрсеткен.

Осыған байланысты, талап қоюшы жауапкер С.-дан ортақ ұлын оқытуға жұмсалған соманың жартысын өндіруді сұрады.

Істі қарау барысында тараптарға татуластыру рәсімдерінің тиімділігі түсіндіріліп, нәтижесінде тараптар медиациялық келісімге келді.

Келісім шарттарына сәйкес жауапкер ұлына оқу ақысын төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды.

(Сурет ғаламтордан алынды).

 

 

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты