Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
  Атырау облысы Индер аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-бабының 2-бөлігінің «в» тармағымен сотталудағы  А.К.М-ге қатысты қылмыстық ісі қаралды.Ол жәбірленуші Е-нің 150 метр кабель затын көріп, бөтен мүлікті жасырын ұрлау мақсатында үйдің ауласына кіріп, кабельді жасырын ұрлап алғаны үшін айыпталған.
     Қылмыстық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 67 бабының 1 бөлімімен қысқартылып, А.К.М қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.
    Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.