Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотында «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Іс-шараға Атырау қалалық соты әкімшісінің басшысы Э.Тулепбергенова және сот қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында Э.Тулепбергенова кәсіби әдеп сот қызметкерлерінің және жалпы сот жүйесінің мінсіз қызметінде елеулі маңызға ие екендігіне тоқталды.

«Мемлекеттік қызметшілер азаматтар және әріптестермен қарым–қатынаста қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, сыпайылық пен әдептілік танытуға, өзінің іс-әрекеттері және тәртібімен қоғам тарапынан сыни пікірлерге себепкер болмауға, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларының бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға тиіс», - деді Э.Тулепбергенова.

Семинар соңында мамандарға қызметтік тәртіпті сақтау, қызметтік міндеттерін адал атқару, өз мінез-құлқымен әріптестеріне үлгі болу тапсырылды.

Қайнар: 
Атырау қалалық соты