«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңының кейбір құқықтық аспектілері» тақырыбына дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
2014 жылдың 11 сәуірінде Атырау облыстық сотының оқу орталағымен бірлесе отырып Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының базасы негізінде «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңының кейбір құқықтық аспектілері» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
«Дөңгелек үстел» жұмысына қатысуға барлық мүдделі мемлекеттік органдар (әділет органы, конкурстық басқарушылар және салық органдары), сонымен қатар экономикалық сот судьялары шақырылды, сондай-ақ іс-шара жұмысына Атырау облыстық сотының оқу орталығының жетекшісі Гүлнар Молдиярқызы Нұржігітова, Атырау облыстық сотының судьялары Гүлнар Әбілқайырқызы Қарабалина және Бағила Баймұратқызы Нұржанова қатысты.
2014 жылдың 7 наурызында мемлекет басшысымен Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына (әрі қарай - Заңдар) қол қойылғаны бәрімізге мәлім.
Аталған Заңдар 2020 жылғы дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық  даму жоспарымен белгіленген мақсаттарының бірі болып табылатын оңалту және банкроттың тиімді және ашық жүйесінің құрылуына бағытталған (01.02.2010 жылғы №922 Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен бек-н).
Банкроттық жүйесінің тиімділігін арттыру  маңызды экономикалық нәтижелерге – экономикалық өсу мен инвестицияларды ынталандыруға, жұмыс орындарының сақталуына, қаржылық тұрақтылықтың сақталуына жәрдемдесуге алып келеді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты банкрот деп тану немесе оңалту рәсімдерін қолдану туралы азаматтық істерді қарау барысында туындайтын  кейбір құқықтық  және процессуалдық аспектілерді талқылау болып табылады.
Дөңгелек үстелдің міндеті – Заңды біркелкі қолдану және тұрақты сот тәжірибесін қалыптастыру мақсатында  Заңның құқыққолдану сұрақтарынының ортақ тәсілін жасау.
Жұмыстың қорытындысы бойынша іс-шараның қатысушылары жаңа заң нормаларын қолдануда құқықтық мәселелерді атап өтті.