Салауатты өмір салтын ұстану баршамыздың міндетіміз.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

          Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 163-4 бабының 1 бөлігінде – жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға өнімін өткізу-жеке тұлғаларға - бес, тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара  кәсіпкерлерге заңды тұлғаларға- қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

         Осы баптың 2 бөлігі бойынша көзделген ,әкімшілік жаза  қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер - жеке тұлғаларға- он, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын және  орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға-жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға  әкеп соғады.

        Осы баптың 3 бөлігінде алкоголь өнімін ( сауда үйлерінде, мейрамханаларда барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда ),

Жұмыс күндері сағат 23-тен таңғы 08-00-ге дейін ;

Демалыс, мереке күндері сағат 24-тен таңғы сағат 08.00-ге дейін өткізу ;

Жеке тұлғаларға - бес, қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға -  алпыс айлық көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл салуға  әкеп соғады.

       Осы баптың 4 бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,- жеке тұлғаларға - он, тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, шағын немесе орта  кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Өкінішке орай сатушылар  арасынан дүкендерден түнгі сағат 23-00-ден кейін тұтынушыларға ,соның ішінде жасы 21-ге толмаған азаматтарға алкоголь өнімдерін сату жиілеп кетті. Сотта құқық бұзушылардың кейбіреулері түнгі сағат 23.00-ден  таңғы сағат 08.00-ге дейін, ал демалыс мереке күндері  түнгі сағат 24.00-ден таңғы сағат 08.00-ге дейін  21 жасқа толмаған азаматтарға алкоголь өнімдерін сатуға болмайтынын білмегендерін, ал біреулері біле тұра заң бұзушылықтарға  барғанын айтып, кінәсін мойындайды.

   Осындай құқық бұзушылық   жасаған әрекетті сот құқық бұзушының  өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсы сипатын сезініп, залалды салдардың туындауына саналы түрде жол бергендіктен қасақана жасалған әкімшілік құқық бұзушылық деп таниды.

      Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 44 бабында әкімшілік жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады делінген.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 60 бабында жеке адамға әкімшілік жаза қолдану кезінде әкімшілік құқық бұзушылықтың сипаты, кінәлінің жеке басы, соның ішінде оның құқық бұзушылық жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез құлқы, мүліктік жағдайы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі деп көрсетілген.Сондықтан сот құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, заңда көрсетілген  шегінде ғана  шаралар қолданады.

       Аталған санаттағы істер бойынша  2013 жылдың 12 айында  сотпен   7 әкімшілік іс қаралып, құқық бұзушыларға айыппұл салынып,  сот қаулылары заңды күшіне енген. Сонымен қатар осы  әкімшілік істер бойынша  шығарылған сот қаулыларына тараптармен жеке шағым немесе протест келтірілген жоқ.

Заң бұзушылықтарға жол берген азаматтарға «заңды білмедім»,- деген уәждері жауаптылықтан босатуға негіз болмайды , керісінше осындай заң бұзушылықтар  қоғамымызға, соның ішінде  ел болашағы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруларына  кедергі болады.

       Ел болашағы жастардың қолында, сондықтан осы жас өркеннің алға қарай еліміз үшін жауапты іс тындырарлықтай азамат болып қалыптасуына бәріміз болып ат салысайық.

 

Индер аудандық сотының

аға сот приставы:                                                                                                                                      Егізбаева Гульфара Қожағұл қызы.