Суррогат ана болуға белгіленген талаптар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы Кодекстің басты ерекшілігі, суррогат ана болу туралы 6 баптан тұратын арнайы тарау еңгізілгені және асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмашылығы 16-45 жас аралығы болып белгіленген.
Берілген тарауда суррогат ана болу институтына қатысты негізгі түсініктер, суррогат ана болудың шартын жасау және оның мазмұны, суррогат анаға ұсынылатын талаптар, суррогат ана болу шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері, қосылқы репродуктивті әдістер мен технологияларды қолдану, суррогат ана болудың құқықтық салдары баяндалған.
Суррогат ана болудың шарты ҚР азаматтық заңының талаптарын сақтаумен жазбаша нысанда жасалады. Және міндетте түрде нотариаттық куәландыруға жатады. Суррогат ана болудын шарты- некедегі бала қалайтын ерлі – зайыптылар бала тууға өз келісімін берген әйелмен нотариатты түрде күәландырылу қажеттігі.
Шартта ерлi-зайыптылардың (тапсырыс берушілердің) құқықтары мен міндеттері алдын ала қарастырылады. Сондай – ақ, тапсырыс берушілер мен суррогат ананың мәліметтері, суррогат ананы асырауға матералдық шығындарды өтеу тәртібі мен талаптары, шарта талаптарын орындау кезіндегі тараптардың құқығы, міндеттері, жауаптылығы, өтемақы мөлшері, тәртібі және өзге талаптар көзделеді. Суррогат ана болу шартымен қатар, тапсырыс берушілер медициналық мекемемен де шарт жасасуы қажет.
Суррогат ана болуды қалайтын әйел жиырма жастан отыз беске дейінгі, физикалық, психологиялық және репродуктивті денсаулығы қанағаттанаралық болуы тиіс. Суррогат ана некеде тұруы мүмкін, сондықтан жұбайының нотариаттық тәртіппен куәландырылған жазбаша келісімі болу қажет.
Суррогат ана болу шартын жасасу кезiнде тапсырыс бергендер суррогат ананың жүктілік, босану кезеңінде және босанған кезден бастап елу алты күн бойы медициналық тексеру шығындарын, жүктілік және босануында туындаған асқынулар жағдайында босанғаннан кейін жетпіс күн бойы шығындарын төлеуге міндетті.
Суррогат ана тапсырыс берушілерге өзінің физикалық, психологиялық және репродуктивті денсаулығы  туралы қортыныды ұсынуы, дәрігерде тұрақты бақылануы және оның ұсыныстары мен тағайындамаларын қатал орындауы, онымен шарт жасасқан тұлғаларды шартта келісілген жүктілік ағымы туралы мерімінде хабардар етуі, шарт жасасқан тұлғаларға туылған баланы беруі керек.
Бала туылғаннан кейін сәбидің ата – анасы тапсырыс берушілер болып танылады.
Қиын да күрделік отбасылық мәселелерді шешуге, мемлекет пен азаматтардың өміріне тірек болатындай қажеттіліктен туындаған Қазақстан Республикасының Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің тиімділігі алдағы уақытта дәлелдетенетіні анық.
 
 
Атырау қалалық сотының судьясы                                                                      Ж.Шакенова