
Электрондық хаттаманың толықтығын, құрылымын және сапалы жаңғыртуын қамтамасыз етуге қойылатын техникалық талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2020 жылғы 6 тамыздағы № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 17 тамызда № 21096 болып тіркелді
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы |
|
||
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің |
|
||
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) |
|
||
Басшысы |
Н. АХМЕТЗАКИРОВ |
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
7. АБК АБТ электрондық хаттамасының толықтығы, құрылымы және сапалы жаңғырту үшін:
3) оптикалық дискіге немесе сыртқы электрондық тасымалдаушыға электрондық хаттаманы жазу мүмкіндігі;
сот отырысын өткізу орны;
сот отырысының басталу және аяқталу күні мен уақыты;
істің нөмірі
істің мәнінің қысқаша сипаттамасы;
сот құрамы;
сот отырысына қатысатын іс тараптары;
процеске қатысушылардың дәлелдемесі түрінде ұсынылған қосымша материалдарда;
процеске қатысушылардың сөз сөйлеген уақыт белгілері;
электрондық хаттаманы құрайтын аудио және бейне файлдардың атауы, олардың мөлшері мен MD5 хэширлеу алгоритмі арқылы есептелген бақылау сомасы;
6) тіркелген ақпаратты жазу режимінде де, сақтау режимінде де өзгерістер мен бұрмалаудан қорғау;
7) компоненттердің жұмысқа қабілеттілігін аппараттық бақылау;
8) сот отырысы залында орнатылған микрофондардан көп арналы аудио жазбаны қамтамасыз етеді.
8. Электрондық хаттама серверлерде атауы автоматты түрде қалыптастырылатын және істің нөмірінен, сот талқылауын жүргізу күні мен уақытынан тұратын файлдар түрінде сақталады. Файлдар келесі форматтарға сәйкес келеді:
1) бейне кодтау - MPEG4, XVID, WEBM, F1.V;
2) дыбысты кодтау - MP3, Lame, AAC, WAV;
3) бейне ажыратымдылығы кемінде 640х320.
9. Электрондық хаттаманың аудио бөлігі АБК АБТ-ның сот отырысы залында орнатылған әрбір микрофонынан жазылған жазбаны сақтайды. АБК АБТ судьялар мен сот отырысының хатшыларына әрбір жеке аудио файлды басқалардан тәуелсіз тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. АБК АБТ автоматты түрде барлық микрофондардан (микширленген аудио файл) жазбаларды біріктіретін аудио файлды, сондай-ақ сот отырысы залының бейне жазбасын және барлық микрофондардан жазбаны біріктіретін аудио-,бейне файлды қалыптастырады. Микширленген аудио-,бейнефайл электрондық хаттаманы жасау кезінде АБК АБТ қолданатын кодтау пішімдерін қолдайтын кез келген мультимедиалық құрылғыда ойнатылады.
10. Сот отырысы аяқталғаннан кейін электрондық хаттаманың ажырамас бөлігі ретінде оны сәйкестендіру және бүтіндігін тексеру үшін жеткілікті ақпаратты көрсететін оның қысқаша мазмұнының сипаттамасы автоматты түрде қалыптастырылады. Электрондық хаттама интеграциялау арқылы сот органдарының ақпараттық жүйесіне беріледі және істің басқа да электрондық материалдарымен бірге сақталады.
11. Сот отырысы хатшысының электрондық хаттамаға қол қоюы сот органының ақпараттық жүйесінде электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландыру жолымен жүзеге асырылады.
12. Бірінші және апелляциялық сатылардағы сот отырысының судьялары мен хатшыларына электрондық хаттамаға қол жеткізу сот органдарының ақпараттық жүйесінің ісіне электрондық ақпараттық-есептік құжаттан ұсынылады.
13. Сот талқылауына қатысушының өтініші бойынша сот оған сот органдары ақпараттық жүйесінің "Сот кабинеті" сервисі арқылы электрондық хаттамамен танысу үшін рұқсат береді.
Сот процесінің аудиожазбасын беру жүктеуге, сондай-ақ сот талқылауына қатысушы ұсынған оптикалық ақпарат тасығышқа немесе электрондық тасығышқа, оның ішінде ыңғайлы пайдалану үшін қызмет ететін бағдарламалық қамтамасыз етуді орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
14. Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда АБК АБТ пайдалана отырып құрылған электрондық хаттамалар облыстық деңгейдегі тиісті мамандандырылған негізгі және резервтік серверлерде сақталады.
15. Электрондық хаттаманы сақтау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы №6001-15-7-6/486 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12457 тіркелген) сот отырысының барысын тіркеуді, аудио-, бейнежазбаларды сақтауды және жоюды, аудио-, бейнежазбаға қол жеткізуді қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану тәртібін ескере отырып, істің барлық сақталу мерзімі ішінде жүзеге асырылады.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК