Жаңалықтар

Жүргізуші азаматша жол-көлік оқиғасын жасады

08/12/2023

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында азаматша Ш.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықтағандай, азаматша Ш. «Lada» маркалы автокөлігін Сарайшық ауылында басқара отырып, жол қиылысынан өту ережелерін сақтамай, К.-ның басқаруындағы автокөлікке соқтығысқан.

Жол‑көлік оқиғасы нәтижесінде жәбірленушіге материалдық залал келтірілген.

Сот отырысында Ш. кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, келтірілген шығынды өтеуге міндеттеніп, соттан көлік басқару құқығынан айырмай,  айыппұл түріндегі жазаны қолдануды сұрады.

Сот төрағасы тікелей эфирде сұхбат берді

08/12/2023

Атырау қалалық сотының төрағасы Жасұлан Жақсылық «Caspian News» телеарнасындағы «Бүгінгі тақырып» бағдарламасының тікелей эфирінде «Сот саласына енгізілген жаңашылдық және кадр саясаты» тақырыбында сұхбат берді.

Сұхбат барысында спикер «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Заңына сәйкес судьялыққа үміткерлерді іріктеу тәртібіне, үміткерлерге қойылатын талаптарға тоқталды.

Адамның абыройы мен қадір-қасиетін кемсіткені үшін жауаптылыққа тартылды

08/12/2023

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында айыпталушы З.И.-ға қатысты ҚК-тің 131-бабаның 1-бөлігімен (қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) жекеше айыптау шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Жәбірленуші  А.Т. арызында З.И.-дың «WhatsApp» желісі арқылы өзінің абыройы мен қадір-қасиетіне тиетін дыбыс-жазба жолдағанын көрсетіп, оны қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұраған.  

Аудандық сотта «Тіл – рухани қазынам» атты сайыс өтті

08/12/2023

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында сот қызметкерлері арасында «Тіл- рухани қазынам» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты  - мемлекеттік тілді құрметтеу, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру.

Үш кезеңнен тұратын сайыста мамандар «Зымыран» және «Топжарған» атауымен екі топқа бөлінді.

Алғашқы кезеңде мамандар тіл туралы мақал-мәтелдер айтып, екінші  кезеңде жұмбақтардың шешуін тапты, үшінші кезеңде қазақ тіліне қатысты сұрақтарға жауап берді.

Сайыс нәтижесі бойынша «Топжарған» тобы жеңімпаз атанды.

Қызылқоға аудандық сотында «Жемқорлық қоғамға қауіпті құбылыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

08/12/2023

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында «Жемқорлық қоғамға қауіпті құбылыс»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандағы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, «Аманат» партиясының Қызылқоға аудандық филиалының,  «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының, БАҚ өкілдері қатысты.

Сот залынан

05/12/2023

Атырау қаласының №2 сотында өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекеттері үшін айыпталған №2 Атырау облыстық ауруханасының алты дәрігеріне қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 317-бабының 3-бөлігі).

Сотпен анықталғаны

2022 жылы 17 қаңтарда Атырау облыстық №2 ауруханасының мобильдік бөліміне түскен жүкті әйел адам Х.-дан тестілеу нәтижесіне сәйкес симптомсыз «Covid-19» короновирустік инфекциясының белгілері анықталған.

Әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану тәжірибесі

01/12/2023

Атырау облыстық сотында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьяларының қатысуымен татуластыру рәсімдерін қолдану тәжірибесін жақсартуға бағытталған семинар сабағы өтті.

Аталған іс шараның мақсаты – дауларды сотқа дейін, сотта татуласу рәсімін қолдану арқылы шешудің жолын қалыптастыру, тараптар арасында даудың алдын алу секілді құндылықтарды дәріптеу мен дауларды азайту.

Алимент төлемегені үшін әкімшілік қамаққа алынды

30/11/2023

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) азамат Б.А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Аталған соттың 2022 жылғы 18 наурыздағы сот бұйрығына сәйкес, борышкер Б.А.-дан кәмелетке толмаған үш балаларын асырап-бағу үшін айлық табысының және өзге де кірісінің тең жартысы мөлшерінде алимент өндірілген.

Алайда, Б.А. сот бұйрығын орындамай, алимент төлемеген, осының нәтижесінде оның алимент бойынша берешегі 2 075 862 теңгені құраған.

Мал ұрлығы үшін сотталды

30/11/2023

Атырау облысының Индер аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 3-бөлігінің 1,2) тармақтарымен айыпталған сотталушы Д. және К.-ға, ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 2-бөлігінің 1) тармағымен айыпталған сотталушы Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушылар Д. және К. мал ұрлау, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, бөтеннің малын мал қораның ауласына кірумен, бірнеше рет жасырын жымқырған.

Сотталушы Қ. мал ұрлау, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы болып, бөтеннің малын өрістен жасырын жымқырған.

Судья тікелей эфирде

29/11/2023

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Анар Айтжанова «Caspian News» телеарнасындағы «Заңға сай» бағдарламасының кезекті шығарылымында «Әкімшілік жауаптылық: талап пен тәртіп» тақырыбында сұхбат берді.

Беттер