Ювеналдық сот ұжымы соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұжымы Отан қорғаушылар күнін және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеуге арналған іс шаралар жұмысын ұйымдастырды.

Бүгін, сот төрағасы Б.Жұмабаев, судья Б.Идрисов сот мамандарымен фашизмді жеңу ісіне үлес қосқан Атыраулық соғыс ардагерлері Анвар Шарафуденов пен Михаил Ахметұлы Андакуловқа Атырау облысының сот корпусы атынан алғыс білдіріп, құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтары мен ықылас гүлін табыс етті.

Ардагерлер өз кезегінде сұрапыл соғыс естеліктерімен бөлісіп, сот қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, елімізге бейбіт өмір,  бірлік пен келісім жалғасын табуын тіледі.

Источник: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі