Сс, 24/05/2016 - 17:12
Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігімен құқықбұзушы К.А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Миялы селосы, Н.Шаутикенов көшесінде орналасқан К.А.-ның дүкеніне Қызылқоға аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерімен тақырыптық тексеру жүргізіліп, тексеру кезінде дүкенде саттықта тұрған, сату үшін сақтауда тұрған алкоголь өнімдері табылып, сондай-ақ құқық бұзушы К.А.-ның алкоголь өнімдерін бөлшек сатуға мемлекеттік лицензиясының жоқтығы және қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеуге тұрмағандығы анықталған.
Құқықбұзушы К.А.-ның іс әрекеті Қазақстан Республикасының ӘҚБтК--нің 463 бабының 1 бөлігімен дұрыс дәрежеленген, яғни тіркеу, рұқсат беру міндетті болған жағдайларда, тіркеусіз, рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан, бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған.
Сот қаулысымен К.А. кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 53 025 теңге айыппұл салынып, алкоголь өнімдері тәркіленді.