Тараптардың келісімімен баланың тұрғылықты жері әкесінің тұрғылықты жері бойынша белгіленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотымен талап қоюшы Т.Ү-ның жауапкер Б.Т-ға неке бұзу туралы азаматтық  ісі қаралды.

Сот отырысында тараптар бірнеше ай бір отбасында тұрмайтыны,  ортақ шаруашылық жүргізбейтіні, некені  бұзуға өзара келіскендері анықталып, сот шешімімен неке бұзылған.

Сот кәмелет жасына толмаған тараптардың қызының тұрғылықты жерін  әкесінің тұрғылықты жері бойынша белгілеу туралы шешім етті, себебі  тараптар  бұл туралы өзара  келісімге келген.

Шешім заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі