Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде

мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

С-R-4 санаты үшін: Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі,жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылы 27 наурызда № 14939 болып тіркелді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83282

112430

С-R-4

73288

99106

 

 

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-сі, 060009, Атырау қаласы, Қ.Сатпаев даңғылы, 62, анықтама телефоны 8 (7122) 55-82-23, 55-82-14,
e-mail:
712-0703@sud.kz, уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

 

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі:

1.Соттардың инфрақұрылымын қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне – 20.03.18 жылға дейін).

Функционалдық міндеттері:Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; мемлекеттік сатып алу бойынша бұйрықтардың жобаларын, конкурстық құжаттаманы жасау және ресімдеу; Жоғарғы Соттың интернет-ресурсына және мемлекеттік сатып алу веб-порталына кейіннен орналастыра отырып, хаттамаларды және конкурстық құжаттаманы ресімдеу;  бір көзден алу тәсілімен (егер конкурс болмаса) конкурстар, сондай-ақ Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында және мемлекеттік сатып алу веб-порталында ерекше тәртіпті қолдана отырып, конкурстар жөнінде шарттардың жобаларын жасау; ғимараттарды және үй-жайларды  сатып алу бойынша өткен конкурстың қорытындылары жөнінде шарттарды ресімдеу; веб-порталда хабарландыруларды орналастыру, веб-порталмен жұмыс істеу;жергілікті соттардың және сот кеңселерінің ғимараттары мен үй-жайларын күзетуді жүзеге асыру; кадр қызметімен бірлесіп, кейіннен ұйымдастыру іс-шараларын өткізе отырып, біліктілікті арттыру курстарында қызметкерлерді оқытудың жылдық жоспарын жасау; мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістерді енгізу және Интернет-ресурсқа енгізу үшін жауапты болу; судьялар үшін қызметтік тұрғын үйді сатып алу жөнінде мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы, құқық мамандығы бойынша жоғары білім.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

 

Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:

 

2. Бас маман – сот мәжілісінің хатшысы, C-R-4 санаты, 3 бірлік: Атырау қалалық соты кеңсесі – 1 бірлік; Индер аудандық соты кеңсесі – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болған мерзіміне –31.01.2019  жылға дейін); Мақат аудандық соты кеңсесі – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болған мерзіміне – 12.05.2018 жылға дейін).

Функционалдық міндеттері: Судьяның сот талқылауына істі дайындау кезінде қажетті жұмыстарды орындау (сұрау салуларды, хаттарды, соттың шақыру қағаздарының көшірмелерін дайындау және т.б.); процеске қатысушыларды және куәларды шақыру; істерді қараудың апта сайынғы кестесін жасау және оны сот кеңсесіне беру; сот отырысына келген адамдардың келуін тексеру және олардың шақыру қағаздарына сотта болу уақытын белгілеу; сот отырысының хаттамаларын жүргізу; оның толықтығы мен дұрыстығына жауапкершілік көтеру; алдын ала тыңдаудан және басты сот талқылауынан кейін қылмыстық істерді ресімдеу, оларды қарағаннан кейін азаматтық істерді және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді ресімдеу; процеске қатысушыларға  заңда белгіленген мерзімдерде тапсыруға жататын сот актілерінің көшірмелерін (шешімдерін, үкімдерін, қаулыларын) тарату немесе беру; процеске қатысушыларға және тараптарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарсылық беруге құқығын түсіндіре отырып, апелляциялық шағымдардың немесе наразылықтың көшірмелерін жіберу және хабарлау;үкімдерді, шешімдерді, сот бұйрықтары мен сот қаулыларын орындауға жолдау; апелляциялық шағымдармен және наразылықтармен бірге істерді жоғары тұрған сотқа жіберу;процеске қатысушыларға апелляциялық сатыдағы сотта істің тыңдалатын күні туралы хабарлау; сот істерін белгіленген мерзімдерде сот кеңсесіне тапсыру; сот төрағасының, судьялардың, сот кеңсесі меңгерушісінің басқа да тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Заңгерлік немесе құқық мамандығы бойынша жоғары білім.Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

 

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. (Сот приставтары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі №150-1 Заңы, 6-бабының 1-тармағына сәйкес, жас мөлшері 21 жастан төмен емес болу қажет).

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды электрондық пошта адресіне
712-0703@sud.kz не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берулеріне болады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық түрде берген азаматтар әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмейқұжаттардың түпнұсқаларын ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда тұлға әңгімелесуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде Атырау облыстық сотында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Конкурсқа қатысу үшін өтініш нысаны:

_________________________________

_________________________________

_________________________________

(мемлекеттік орган)   

      

Өтініш

Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізуқағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:_____________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _____________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыстелефоны____________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

      

 

________                                      ____________________________________

       (қолы)                                      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

     

 

 "___"_______________ 20 __ ж.