Атырауда сот тәртібі қиын жасөспірімді девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымына жолдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты14-жастағы жасөспірімді девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектеп интернатқа жолдау туралы азаматтық істі қарады.

Сотта Санаттың ата-анасы ол 3 жаста болғанда ажырасқаны анықталды. Ажырасқаннан кейін анасы қайта тұрмыс құрып, кәмелетке толмаған бала анасымен бірге тұрған. Уақыт өте есейгенбаланың мінез-құлқы өзгеріп, ол үйденөз туыстарының бағалы заттары мен ақшаларын ұрлай бастаған.

Сонымен қатар, бала мектептегі сабақтарына бармай, қаңғыбастыққа салынып, көп қыдыратын болған. Одан да сорақысы ол қоғамдық орындарда ішімдік іше бастаған. Осындай қылықтары үшін тәрбиесі қиын жасөспірімнің анасы баласын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Нәтижесінде, торыққан ана өз баласын девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына орналастыруды сұрады.

Сот ішкі істер органының арызын қанағаттандырып, Санатты 1 жыл мерзімге Ақтау қаласындағы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатқа жолдады.

Источник: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі