СОТ ЖАЛҒАСУДА

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  бюджеттік қаржыны талан-таражға салды және қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталушы Атырау облысы әкімдігінің бұрынғы лауазымды тұлғаларына және кәсіпкерлерге қатысты сот процесі одан әрі жалғасты.
          Қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты, кәсіпкер Айбат Сүлейменовтың кәсіпорны жөніндегі блок «Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) полигонының құрылысы»,  «Атырау қаласының заманауи өнер мұражайы бар 1200 орындық концерт залының құрылысы», «Атырау қаласының сол жақ жағалау бөлігіндегі кәріздік-тазарту құрылғысының (КТҚ) құрылысы» және «Махамбет ауданының Алмалы ауылындағы балалардың демалыс лагерінің құрылысы»  эпизодтарына бөлінген. Аталмыш нысандардың барлығын облыстық әкімдіктің түрлі басқармаларының тапсырысы бойынша «СнабОйлСтрой» компаниясы мердігер ретінде 2008-2012 жылдар аралығында салған.
         Процеске сотталушылар ретінде халықаралық іздеуде жүрген Айбат Сүлейменовтың бұрынғы үш қызметкері қатысуда. «СнабОйлСтрой» ЖШС директоры Айгүл Бейсебековаға ҚР ҚК-нің 325-бабы(«Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi, мөрқағаздарды, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу»), 235-бабы («Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу»), 176-бабы(«Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету») және 192-1-бабы («Жеке кәсіпкерлік субъектісінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз мәміле (мәмілелер) жасасуы») бойынша айыптар тағылып отыр. Осы баптармен директордың қаржы жөніндегі орынбасары Айнұр Батырбаева  да айыпталуда.  Серіктестіктің бас есепші Кенжегүл Сисеноваға 235, 176, 192-1 және 218-баптар («Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу») бойынша айыптар тағылған.
                                                                                        Боранбай Ғалиев,
                                         Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы