Жолаушылар поезында жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, айыппұл төледі
Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Ақтөбе қаласының тұрғыны құқықбұзушы азаматша М.-ға қатысты ұсақ бұзақылық жөнінде әкімшілік іс қаралды.
Құқықбұзушы М. «Атырау-Ақтөбе» жолаушылар поезының вагонында, яғни қоғамдық орында алкоголь ішімдігін ішіп, былапыт сөйлеп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.
Сот отырысында ол кінәсін мойындап, айналасындағы адамдарға сыйламаушылық білдіргені үшін өкінетіндігін айтып, кешірім сұрады.