Архив событий

14/09/2017

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

14/09/2017

Конкурс комиссиясының шешімі негізінде  Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға «Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-нің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурсқа әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі, әңгімелесу өткізу кестесі

 

ТАӘ

Махамбет аудандық сотында «Электронды санкциялау» пилоттық жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді

14/09/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында «Электронды санкциялау» пилоттық жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға Махамбет ауданы прокурорының орынбасары Ж.Ураков, Махамбет аудандық ішкі істер бөлімінің анықтаушылары  А.Мусагалиев, Е.Ақкөзов қатысты.

Ата - ана арасындағы дау медиациялық тәртіпте шешілді

14/09/2017

Жұбайлар некелері бұзылғаннан кейін, яғни ажырасқаннан балалары кейін олардың бірімен, негізінен анасымен бірге тұратын болып белгіленіп,  әкесімен ұдайы кездесіп тұрады. Әке мен балалардың кездесуі жиілігі әр түрлі жағдайға байланысты.

Егер атан-ана кездесуге құқықтары бойынша өзара келісімге келе алмаған жағдайда,  өз құқықтарын қорғап сотқа жүгінуге мәжбүр болады. Бұл жағдайда, сот алдында баланың басым мүддесіне сай келетін қиын мәселені шешу міндеті тұрады.

Тыйым салынған суда жүзу құралдарының иелері құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен

14/09/2017

Сотта анықталғандай, 11 қыркүйек күні ҰҚК департаментінің, полиция және орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен Каспий теңізінің жағалауында заңсыз жүзу құралдарын алу бойыша біріккен рейд жүргізілді. Исатай ауданының Жанбай селосынан шамамен 20 шақырымдай теңіздің жағалауында заңсыз балық аулауға арналған жүзу құралдары табылған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс медиацияны қолданумен аяқталды

14/09/2017

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен азамат С.И. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сотта анықталғандай, азамат С.И. 2017 жылдың тамыз айында Құрманғазы ауданы, Қиғаш ауылы, Бөкей хан көшесінің бойында жәбірленуші С.Б-ны ұрып-соғып, қасақана жеңіл дәрежедегі дене жарақатын келтірген.

Сотқа тараптардан  дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш түсті.

Сотты құрметтемегені үшін қамаққа алынды

14/09/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында құқықбұзушы С.Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

С.Т. алдын ала ескертіле тұра, сот отырысына келмеген. Аталған жайт бойынша азамат С.Т.-ға қатысты соттың сот приставымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Азамат С.Т.-ның әрекеті Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653 - бабы 1 бөлігімен (сотты құрметтемеушілік) дәрежеленген.