Медиатор судьяның көмегімен отбасы сақталды
Атырау облысының Мақат аудандық сотында талап қоюшы Е.М.-ның жауапкер Д.Д.-ға араларындағы тіркелген некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.
Сотта анықталғандай, талап қоюшы өзінің талап арызында жауапкермен араларындағы неке тіркелгенін, ортақ некеден араларында кәмелет жасқа толмаған 2 баласы бар екенін, жауапкер отбасына, балаларына көңіл бөлмейтінін көрсетіп, некені бұзуды сұраған.