Архив событий

04/03/2024

Дөңгелек үстел өтті

04/03/2024

Атырау облысы МАӘС судьялары «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» ММ-мен бірлесіп «Аудит және қаржылық бақылау саласындағы проблемалық мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Сот төрағасы Нұрбол Абдолов кездесу барысында аудит және қаржылық бақылау саласындағы проблемалық мәселелерге тоқталып, 2022-2023 жылдары МАӘС-да қаралған істердің статистикалық деректерімен таныстырды. Ол мәліметтерге сәйкес, мемлекеттік сатып алулар бойынша істер санының азайғанын атап өтті.