Атырау қалалық сотында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотында «Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің, екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақтелеком»АҚ-ның, «ҚазТрансГаз Аймақ»АҚ-ның, «Спецавтобаза» ЖШС-нің, Пәтер иелері кооперативтері өкілдерінің қатысуымен  «Сот бұйрығын шығару туралы арыздарды электронды форматта қарау» тақырыбында  түсіндірме  жұмыстары  жүргізілді.

Кездесу  барысында судьялар  К.Макажанов, С.Желдербаев,  Г.Турганова  өз баяндамаларында бұйрық іс  жүргізуіндегі  арыздардың  ішінде  басым көпшілігі  аталған мекемелерден түсетіндігіне, 2017 жылғы 17 шілдеден бастап республика соттарында  сот бұйрығын шығару туралы арыздары  электронды форматта қаралып жатқандығына, оның ішінде сот актісінің жасалуы, орындалуға жолдануы тек қана электрондық форматта жүргізілетініне  назар аударып, осы  бағытта сот бұйрығын  шығару  туралы арыздарды электронды  форматта  қаралуы   өндіріп  алушылардың  уақыттарын үнемдеуге,  іс  бойынша   сот шығыстарын азайтуға  бағытталғанын, сондықтан бұйрық арқылы  іс  жүргізудің  тиімділігі арттылатынын     түсіндіріп  өтті.

Кездесу соңында қатысушылар мәселелерді талқылап, пікір алмасты.

Источник: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі