Атырауда азаматша мал ұрлаған күйеу баласын кешірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен сотталушы Т.-ға қатысты  қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Т. 2017 жылдың ақпан айында Жанбай селосында енесімен бірге тұрып жатып, оның екі сиыр малын ұрлап, сатып жіберген. Сотталушы ұзақ уақыт бойы түрлі сылтаулармен ұрлығын енесінен жасырып келген. Ал бірнеше ай өткеннен кейін селодан кетіп қалған. Алаңдаған енесі өзінің сиыр малдарын іздей бастаған кезде көршілерінің бірі оған күйеу баласының сиырларды көлікке тиеп жатқанын көргенін айтқан.  

Сотталушы Т. сот талқылауында өзінің кінәсін толық мойындады. Сонымен қатар сотта тараптар өзара медиацияның көмегімен татуласқандарын айтып, қылмыстық істі қысқартып, оны жауапкершіліктен босатуды сұрады.

Сот қаулысымен Т.-ға қатысты қылмыстық іс жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі