Атырауда төтенше жағдай режимін бұзған букмекерлік кеңсе менеджері 10 тәулікке қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 476-бабының 3-тармағы (төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Ж. төтенше жағдайдың жариялануына байланысты ойын-сауық iс-шараларды өткiзуге тыйым салынғанына қарамастан, 2020 жылдың 25 наурызында «1xbet» ЖШС-нің букмекерлік кеңсесін ашып қойып, ойын-сауық қызметін атқарған.

Сот отырысында құқық бұзушы Ж. әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын мойындап, әрекетіне өкінетінін айтып көрсетті.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж. кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.

Қайнар: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі