Баласы мен әкесі арасындағы дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының  Исатай аудандық сотында талап қоюшы  Ә.-нің жауапкер А.-дан 21 жасқа дейін алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, жауапкердің ұлы жоғары оқу орнының 1-курсында білім алуда. Студент кәмелетке толғанға дейін әкесінен алимент алып отырған, бірақ өзі 18 жасқа толғанда алимент өндіру тоқтатылған. Сондықтан талап қоюшы әкесінен 21 жасқа дейін алимент өндіруді сұрап, сотқа талап арызбен жүгінген.

Сот отырысында тараптар судья-медиатордың қатысуымен медиациялық келісімге келді. Келісім шарттары бойынша, әкесі баласына ай сайын 21 жасқа дейін 15 000 теңге жеке шотқа аударып тұруға міндеттенді, ал талап қоюшы талабынан бас тартты.

Сот дауды (жанжалды) медиация тәртібінде реттеу туралы келісімді бекітіп, істі өндірістен тоқтатты.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

Қайнар: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі