Б.Хаменова және басқаларына қатысты іс апелляцияда қайта қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Хаменова және Мәдениет басқармасының басшысы А.Рыскалиевке, ЖШС директоры У.Адамовқа қатысты қылмыстық іс Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасымен қайта қаралды.

Сот үкімімен Б.Хаменова және А.Рыскалиев ҚК-тің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылды. Б.Хаменоваға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, 2 жас баласының болуына байланысты ҚК-тің 74-бабының 1-бөлігін қолданумен жазаны орындау 3 жылға кейінге қалдырылды.

Сотталушы А.Рыскалиевке 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы У.Адамов ҚК-тің 367-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушылардың барлығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Қазақстан Республикасының Президентіне Б.Хаменованы «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізілді.

(бірінші саты сотының баспасөз ақпаратына сілтеме https://atr.sud.kz/rus/news/prigovor-v-otnoshenii-zamestitelya-akima-aty...)

Іс апелляцияда сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығаруды сұраған сотталғандардың және олардың қорғаушыларының апелляциялық шағымдары бойынша қаралды.

Сот алқасының шешімі

А.Рыскалиев және У.Адамовқа қатысты сот үкімі өзгертілді, ал Б.Хаменоваға қатысты сот үкімін өзгертуге немесе оның күшін жоюға негіздер болмағандықтан өзгеріссіз қалдырылды.

Апелляциялық сатыдағы сотта зерттелген дәлелдемелермен А.Рысқалиев Б.Хаменоваға бағынышты бола тұра, оның тапсырмасы бойынша пара алуға қол жеткізуге ықпал еткені анықталды.

Бұл ретте, тек оның жағында сөйлей отырып, Б.Хаменованың пара алуы үшін жағдай жасады – У.Адамовпен тығыз байланыста болып, ескерткішті орнату үшін ақшалай қаражат бөлу тұрғысынан қалалық мәдениет бөлімінің басшысы және бухгалтерімен келіссөздер жүргізіп, шарт жасасу процесін жеделдету, ескерткішті орнатуға бюджеттен қаржы алу, сондай-ақ бөлінген қаражатты ЖШС шотына аудару жөнінде шаралар қабылдаған.

4 500 000 теңге мөлшеріндегі пара сомасы Б.Хаменоваға арналған, оның аталған сомадан үлесін алуы келісілмеген. Сондықтан А.Рысқалиевтің әрекеттері ҚК-тің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағынан 28-баптың 5-бөлігіне, 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағына пара алуға жәрдемдесу ретінде қайта дәрежеленді.

А.Рысқалиевтің жауапкершілігін едәуір жеңілдететін ерекше жағдайларды ескере отырып (қылмыстық құқық бұзушылықтың ашылуына ықпал етті, қылмыстық құқық бұзушылықтың басқа да қатысушыларын әшкереледі, асырауында 4 жас баласы бар), ҚК-тің 55-бабының 4-бөлігін қолданумен, тағайындалған жаза 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға төмендетілді.

У.Адамовқа қатысты оның жауапкершілігін едәуір жеңілдететін ерекше жағдайларды ескере отырып (егде жасын (65 жаста) және асырауында төрт және үш кәмелетке толмаған баласы бар 2 кәмелетке толған бала кезінен мүгедек балалардың болуы), ҚК-тің 55-бабының 4-бөлігін қолданумен, тағайындалған жаза 1 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыруға төмендетілді.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі