Марихуананы заңсыз сақтағаны үшін айыппұл тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша азамат К.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, К. 2020 жылғы 16 қыркүйекте сағат 19.55 шамасындаМахамбет ауданы Махамбет ауылындағы өзінің үйіндегі шкафтің ішінде кептірілген марихуана есірткі затын заңсыз сақтаған.

Басты сот талқылауы барысында К. өз кінәсін толықтай мойындап, іс-әрекетіне өкінді.

Сот үкімімен К. кінәлі деп танылып, оған 55 560 теңге мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза тағайындалды.

Сот үкімі заңды заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі