Жылыой аудандық сотының сот бұйрығымен алимент өндіріп алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау  облысы Жылыой аудандық соты азаматша С.-ның алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығын шығару туралы талап арызын қарады.

Азаматша С. жауапкер Ж.-дан алимент өндіріп алу туралы арызбен сотқа жүгініп, 2003 жылы оның және жауапкердің арасында неке тіркелгенін және араларында екі бала барын, қазіргі уақытта жауапкер С. бөлек тұратынын, баланы  еркімен асыраудан бас тартқанын айтып, сотта кәмелетке толмаған баласын асырау үшін жауапкерден өз пайдасына алимент өндіруді сұрады.

Жылыой  аудандық сотымен жауапкерден ай сайын баланы асырауға алимент өндіру туралы  сот бұйрығы шығарылды.

Источник: 
Пресс-служба Жылыойского районного суда Атырауской области