"Мал ұрлағандар татуласса да жазаланады" - Атырау облысы Исатай аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Руслан Баймаханбетов, "Заң" журналы, №6/2022

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

МАЛ ҰРЛАҒАНДАР ТАТУЛАССА ДА ЖАЗАЛАНАДЫ

2019 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі жаңа 188-1 бабымен, мал ұрлау, яғни, бөтеннің малын жасырын жымқыру қылмысымен толықтырылды.

Бұрын мал ұрлау – ҚК-нің 188-бабы ұрлық, яғни, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру қылмысы бойынша қаралатын. Бұл баппен мал ұрлаған адам ұсталып, қылмыстық жауаптылыққа тартылу кезінде малдың иесіне жымқырған малдарын қайтарып немесе келген шығынды ақшалай орнын толтырса не жәбірленушімен татуласса ҚК-нің 68-бабының талаптарына сәйкес, қылмыстық жауаптылықтан босатылып кететін. Алайда, кейін осы мал ұрлаған адамдар, қылмыстық заңның осал тұстарын біліп, бұл қылмысын қайта жасап құқық қорғау қызметкерлерінің құрығына қайта ілінсе, тағы да сотқа дейін немесе сотта малдың иесімен татуласып, шығынның орнын толтырып, қылмыстық жауаптылықтан тағы да құтылып кететін. Осындай жағдайлар қайталанып, орын алғандықтан жаңа заң ҚК-нің 188-1-бабымен мал ұрлау, яғни, бөтеннің малын жымқыру-қылмысымен толықтырылып, жазалары қатаңдатылды. 188-1 бабының 1-бөлігі бойынша мал ұрлау орташа ауыр қылмысқа жатады. Бұл бап бойынша, мал ұрлаған кезде малдың иесіне жымқырған малдарын қайтарып, немесе келген шығын - ды ақшалай төлесе де жәбірл е н у ш і м а л д ы ң иесімен татуласса да ол енді заң б о йынша жазаланады. Себебі, « Қ К - н і ң 68-бабының 4-бөлігі 8-тармақшасына сәйкес, бұрын жасаған қылмысы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін, осы кодекстің 71-бабының бірінші бөлігінде белгіленген қылмыстық жауаптылыққа тарту ескіргендіктен қасақана қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды», делінген. Ал, 188-1-баптың 2,3,4-бөліктері бойынша мал ұрлау ауыр қылмыстар қатарына жататындықтан, ешқандай да малдың иесімен татуласуға жол берілмейді және ҚК-нің 68-бабының талаптары қолданылмайды, сәйкесінше, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды, керісінше заңға сәйкес, тиісті жазасын алады.

ҚК-нің 188-1-бабының ескертпесінде, мыналар: ірі қара мал – жылқылар мен есектер, түйелер, ұсақ мал – қой, ешкі, шошқалар – жалпы мал деп түсініледі.

Мал ұрлығы қылмысының жасалу сипатына қарай және оған тағайындалатын жаза түрі келесідей: ҚК-нің 188-1-бабының 1-бөлігі бойынша мал ұрлау, яғни, бөтеннің малын жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2-бөлігі бойынша мынадай: 1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 2) ірі мөлшерде жасалған мал ұрлау – мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бост а н д ы ғ ы н а н айыруға жаз а л а н а д ы .

3 - б ө л і г і б о й ы н ш а : 1) бірнеше рет; 2) т ұ р ғ ы н үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қ о р а н ы ң , қ а ш а н ы ң немесе өзге де қойманың ауласына кірумен жасалған мал ұрлау – мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4-бөлігі бойынша: 1) қылмыстық топ жасаған; 2) аса ірі мөлшерде жасалған мал ұрлау – мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айтар ойымның түйiнi, бүгiн болмаса ертең әр нәрсенiң сұрауы болады. Ұрлық жасап олжаға батамын деп жүріп, қолға түсіп, сотталған қылмыскерлердің «Ұрлық түбі – қорлық» деген халық даналығының ақиқаттығына ой тастап, ақыл тоқтатар деген ойдамын. Сотқа жеткен iстiң әрдайым да әдiл шешiмiн табары анық.