"Татуластырушы судьяның ықпалы зор" - Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшымы Мейрамгуль Утегулова, "Заң газеті", №43, 31.05.2022

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық соты мен ҚР Жоғарғы Соты басшылығының бастамасы бойынша «Теңізшевройл» ЖШС-нің қолдауымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы соты мен Халықаралық төрелік орталығының (АХҚО және ХТО) қызметін таныстырумен байланысты кездесу өткізілді.

ТАТУЛАСТЫРУШЫ СУДЬЯНЫҢ ЫҚПАЛЫ ЗОР

Іс-шараны ашқан Атырау облыстық сотының төрағасы кездесуге қатысушыларға алғыс білдіріп, АХҚО және ХТО рөліне тоқталып, татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша облыс соттарының жұмыс нәтижесімен бөлісті. 2022 жылдың 4 айында республика соттарымен істердің 36%-дан астамы медиациялық, партисипативтік және татуласу келісімдерімен аяқталды, бұл жерде Атырау облысының да үлесі бар. Спикер дауды шешудің балама тәсілдерін дамытудағы заң және бизнес қауымдастықтарының маңызды рөлін атап өтті.

«Бүгінгі кездесу «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының (АХҚО) және Халықаралық төрелік орталығының (ХТО) ең табысты құқықтық институттарын білуге мүмкіндік беретін тәжірибе алмасуға арналған жақсы платформа. Бұл соттардың біздің күш-жігеріміздің интеграциялануына және әрбір елде озық әлемдік тәжірибелердің енгізілуіне ықпал ететін халықаралық алаң ретіндегі рөлі өте маңызды», – деді баяндамашы.

АХҚО және ХТО сотының тіркеушісі және аппарат басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт, сот ісін жүргізу және құқықтық мәселелер жөніндегі департамент директоры А. Игенбаев бизнес-қоғамдастық өкілдерін АХҚО және ХТО соттарының құзыреті және жұмыс нәтижесімен таныстырды. Қазақстанның құқықтық жүйесіндегі АХҚО-ның орны мен рөліне, заңды тұлғалардың Халықаралық төрелік орталығы алаңына қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Ұ.Сүлейменова, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Айдарбеков, «ТШО» ЖШС-нің бас директорының орынбасары А.Крамбаев, Атырау облыстық адвокаттар алқасының төрағасы А.Умарова кездесу тақырыбы бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Өз сөзінде доғарыстағы судья, төрелік өкілі Г.Нұржігітова төрелік талқылауының артықшылықтарын атап өтіп, тараптар төрешіні өздері таңдап, төрелік талқылауын өткізу орнын, дауды шешу рәсімін айқындайтынын түсіндірді.

Сондай-ақ, «Халықаралық медиация орталығы» РБҚ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі директоры, кәсіби медиатор А.Марданова, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары К. Бекбаева, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасының міндетін атқарушы Д.Сариев, «Атамекен» ҚР ҰКП Атырау облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары С.Жолдабаев, Х.Досмұхамедов атындағы АМУ ректоры С.Идрисов аталған тақырып аясында баяндама жасады.

Спикерлер татуластырушы-судьялардың тараптарға дауды шешу үшін ХТО мен АХҚО сотына жүгіну құқығын түсіндірудегі ерекше рөлін, сондай-ақ, аталған органдарға жүгінудің құқықтық салдарын атап өтті.

Кездесу барысында ХТО-ның шешуіне тараптардың жазбаша келісімі бойынша азаматтық-құқықтық және коммерциялық қатынастардан туындайтын дауларды беру және бұл заңнама талаптарына қайшы келмеген жағдайларда АХҚО сотында сот талқылауын өткізу мәселелері қызу талқыланды.