"Тәуелсіздік түлеткен құрылым" - Атырау қаласының №2 сотының төрағасы Мирамбек Нагашыбаев, "Заң газеті", №48, 17.06.2022

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ТӘУЕЛСІЗДІК ТҮЛЕТКЕН ҚҰРЫЛЫМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы наурыз айында «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында Конституцияның ең жоғары заңдық күші барын, Ата Заңымыз еліміздің бүкіл құқықтық жүйесінің тірегі екенін айтты. Конституциялық Сот құрылатынын, өлім жазасына тыйым салу туралы шешімді біржола бекіту үшін Конституцияға тиісті өзгеріс енгізу керектігін көтерді. Сондай-ақ, құқық қорғау мәселелерін үнемі жетілдіріп отыру қажет екенін, барлық деңгейдегі соттар, шын мәнінде, тәуелсіз, ашық және кәсіби болмаса, заң үстемдігін М.НАҒАШЫБАЕВ, Атырау қаласы № 2 сотының төрағасы қамтамасыз ету мүмкін еместігін, судьялардың тәуелсіздігіне және оларға ешкімнің қол сұқпауларына кепілдік берілетінін, алқабилер қарауына берілетін істердің саны артатынын, бұл жаңашылдық сот жүйесін демократияландыруға және оған қоғамның сенімін арттыруға мүмкіндік беретінін айтқан болатын.

Егемендіктің алғашқы күндерінен бастап тәуелсіз сот, қуатты құқық қорғау органдарын құруды демократиялық, құқықтық мемлекетті нығайтудың басым бағыттарының бірі ретінде белгіленді. 2000 жылғы 25 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының соттары мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заң сот жүйесін қалыптастыру мен жетілдірудің өте маңызды тұғыры болды. Атап айтқанда, соттар мен судьялардың мәртебесі конституциялық заңмен белгіленді, соттар бір жүйеге біріктіріліп, сот құрылысы мен сот ісін жүргізудің оңтайлы және тиімді негізі қаланды. Судьялардың әлеуметтік, материалдық-техникалық мәселесі толық қамтамасыз етілді. Конституциялық заң сот құзыретінің шегін айқындап, судьялар сот төрелігін жүзеге асырған кезде тек заңға ғана емес, әділеттілік, моральдық, құқықтық және саяси ұғымға сүйенетін болды. Сот жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер халықтың сотқа қолы жетуін қамтамасыз етіп қана қоймай, кез келген тұлғалардың өз құқығын сот арқылы жүзеге асыруына жол ашты, яғни азаматтардың сот билігіне сенімін күшейтті.

Сот жүйесінің басты мақсаты – халықтың сотқа деген сенімін арттыру. Сондықтан басым бағыттың бірі – соттың ашықтығы, жариялылығы, сол арқылы халық пен сот арасында екіжақты байланысты қалыптастыруға негізделді.

Жоғарғы Сот бас болып, бірегей соттық жүйе құрылып, біркелкі соттық тәжірибе орнатылып, бірегей кадрлық саясат жүргізілуде. Сот төрелігіне сенім деңгейін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша енді республикада үш буынды сот жұмыс жасайды.

Үкімет қаулысымен биыл еліміздегі мерекелер Судья және сот қызметкерлер күнімен толықты. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Республиканың сот жүйесі осы жылдар аралығында құқықтық мемлекеттің стандарттарына сай келетін шынайы тәуелсіздікке қарай қарқынды қадам басуда.