Архив событий

06/04/2017

Атырауда өз жерлесін өлтірген Өзбекстан азаматы сотталды

06/04/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен (адам өлтіру) қылмыс жасаған У.К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматтары У.К. және С.Г. Атырау қаласында құрылыс жұмыстарымен айналысқан. 2016 жылдың 12 қарашасында олар бірге спирттік ішімдік ішіп, артынша жерлестер арасында дау туындап, арты төбелеске ұласқан.

Судьяға Алғыс хат

06/04/2017

Атырау облыстық сотының төрағасы М.Ж.Бектұрғановтың атына азаматтар А.Ашетов, Н.Насиев, М.Биманов, М.Қойбағаровтың аттарынан Алғыс хат келіп түсті.

Хат авторлары Атырау облыстық сотының судьясы Қ.Б.Салықбаевқа өздеріне қатысты азаматтық істі объективті қарап, әділ шешім шығарғаны және істі қарау кезінде қарапайымдылық танытып, тараптарға тең көзбен қарағаны үшін зор алғыстарын білдірген.

Жездесінің қойын ұрлаған балдыз сотты болды

06/04/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа берілген Г.К.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы ісі қаралды.

Сотталушы Г.К. жездесі А.А.-ның үйіне танысының көлігімен келіп,  бөтеннің мүлін жасырын жымқыру ниетімен қорада тұрған қой малын ұрлап алып, автокөлігінің артқы жүксалғышына салып, қылмыстық оқиға болған жерден бой тасалап кетіп қалған. Сөйтіп 30 000 теңге шығын келтірген.

Кәмелетке толмаған 6 жастағы бала анасының тәрбиесіне қайтарылды

06/04/2017

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттері жүктелген органының азаматша К.-ны кәмелетке толмаған балаларына қатысты ата-аналық құқығынан айыру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, азаматша К.-ның асырап бағуында 10 және 6 жасар екі кәмелетке толмаған балалары барлығы, 10 жастағы  үлкені әжесінің тәрбиесінде, ал 6 жастағы кішісі Атырау облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған.

Әзірбайжан азаматы балықты заңсыз жолмен сатып алған

06/04/2017

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 196 бабының 1 бөлігімен сотқа берілген А.О.-ға  қатысты қылмыстық теріс қылық туралы ісі қаралды.

Сотталушы А.О. Әзірбайжан Республикасының азаматы бола тұра, Атырау қаласының «Көктем» базарында, өзіне бұрын таныс емес  адамдардан күні бұрын уәделеспей,  көрінеу қылмыстық жолмен табылғанын біле тұра, салмағы 108 кг. «чехонь» балығын  және салмағы 45 кг«жерих» балықтарын барлығы  133 500 теңгеге сатып алған.

Атырау облыстық сотында әкімшілік заңдылықтың қолданылу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті

06/04/2017

Атырау облыстық сотында Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен «Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға облыстық сот судьялары, әкімшілік соттың судьялары, облыстық прокуратура, ішкі істер департаменті өкілдері қатысты.

Шараны мамандандырылған әкімшілік соттың төрағасы Жасұлан Жақсылық ашып, барлық қатысушыларды дөңгелек үстел бағдарламасымен таныстырды.