Заңнаманы бұзған шетел азаматын Қазақстаннан шығарып жіберуден бас тартылды
2017 жылдың наурыз айында Тәжікстан Республикасының азаматы И. Ч. әкімшілік құқық бұзушылық жасап, айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасына сәйкес, азамат И. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440 – бабының 1 тармағымен, яғни қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын масаң күйде келген.
Атырау қаласының Ішкі істер Басқармасы Атырау қалалық сотына елден шығарып жіберу туралы өтінішпен жүгінді.