Пара алғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қаласының №2 сотының ақпаратына сәйкес:

Атырау қаласының №2 сотында ювеналды полиция бөлімшесі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Х.-ны (ҚК-тің 366-бабының 2-бөлігі) пара алу фактісімен айыптау бойынша қылмыстық ісі қаралды.

Сотпен анықталғаны                                                                                         

Полиция  инспекторы Х. азамат С.-ға кәмелетке толмаған баласына тәрбиелеу жұмыстарын тиісті дәрежеде атқармағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жинақталған құжаттарды сотқа жолдамай, оңтайлы шешу, яғни өндірістен тоқтату үшін 100 000 теңге пара алған.

Ол пара алу барысында Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ұсталған. 

Көрсетілген мән-жайлар мен сотталушының кінәсі куәнің айғақтарымен, ЖТӘ нәтижелерімен, сот химиялық сараптама қорытындысымен, заттай дәлелдемелермен өз дәлелін тапты.

Сотталушы өзіне тағылған айыппен толықтай келісіп, шын ниетпен өкініп, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Сот шешімі

ҚК-тің 366-бабы 2-бөлігінің санкциясында параның 50 еселенгеннен 60 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.

Заң бойынша, жеңілірек жаза кінәлінің түзелуін қамтамасыз етпесе ғана сот бас бостандығынан айыру жазасын тағайындай алады.

Үкім шығару кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындауын, шын өкінуін, соттылығы жоқтығын таныды. Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Заң талаптарына сәйкес (ҚК-тің 55-бабының 3-бөлігі), жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері бойынша, сондай-ақ процестік келісімнің барлық шарттары орындалған істер бойынша жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаның негізгі түрінің мерзімін немесе мөлшерін осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ең жоғары мерзімнің немесе мөлшердің жартысынан асыруға болмайды.

Осы мән-жайларды ескере отырып, сот Х.-ға параның 30 еселенген сомасында, яғни 3 000 000 теңге айыппұл салу түріндегі жаза тағайындады. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды (іс жеделдетілген тәртіпте қаралды).

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі