Жаңалықтар

Атырау облысы соттары жаға бекіту жұмыстарына қатысты

13/04/2024

Атырау облысының судьялары мен Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Атырау қаласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты жаға бекіту жұмыстарына қатысты.

Судьялар мен сот қызметкерлері «Жайық» өзенінің жағасын құм салынған қаптар орнату арқылы нығайту жұмыстарын жүргізді.

Атырау облыстық соты және қалалық соттардың судьялары, департамент қызметкерлері 2000-нан астам қаптар дайындады.

Судья радиобағдарламада сұхбат берді

11/04/2024

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нагима Искакова «AZAN» радиосындағы «Заң және қоғам» бағдарламасының кезекті шығарылымында «Бала асырап алу тәртібі» тақырыбында сұхбат берді.

Судья бала асырап алу бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) өтініші бойынша сотта қаралатынын, бала асырап алу туралы істерді сот Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізетінін айтып түсіндірді.

Ұстазына былапыт сөз айтқан жасөспірімнің анасы әкімшілік жауаптылыққа тартылды

08/04/2024

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 9-сынып оқушысы сабақ үстінде ұстазына былапыт сөз айтып, ұсақ бұзықылық әрекетін жасаған.

Істі қарау барысында жасөспірімнің анасы - Б. ұлының айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген қылығы үшін кешірім сұрады.

Жол-көлік оқиғаларына қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар

08/04/2024

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Самал Абугалиева «Caspian News» телеарнасындағы «Заңға сай» бағдарламасының кезекті шығарылымында «Жол-көлік оқиғалары: әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында сұхбат берді.

Тікелей эфир барысында судья көлік жүргізушілері Жол жүрісі Қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 30-тарауы бойынша «Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» бойынша жауаптылыққа тартылатындығын айтты.

Тиісті тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан

08/04/2024

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі бойынша Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Е. дара кәсіпкер ретінде тіркелмей, тиісті органдарға хабарлама жібермей, заңсыз жолаушылар тасымалдаумен айналысқан.

Сотта Е. кінәсін мойындап, өзіне жеңіл жаза қолдануды сұраған.

Сот Е.-нің отбасылық және материалдық жағдайын ескере отырып, оған қысқартылған тәртіппен 38 766 теңге әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Сот сатып алу-сату шарттарын заңсыз деп таныды

04/04/2024

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Атырау қаласының әкімінің бірнеше жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге (ЖШС) шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметі

29/03/2024

«Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Апостиль - құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.

Бұл рәсім жеңілдетілген, өйткені оны жылдам және тек бір уәкілетті орган жүзеге асырады және құжат Гаага конвенциясына қосылған барлық елдердің аумағында заңды күшке ие болады.

Айырым белгілері бар нысанды киімді заңсыз кигені үшін әкімшілік жауаптылық

29/03/2024

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 675-бабының 1-бөлігімен азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану).

Сотпен анықталғаны

2024 жылғы 21 ақпанда азамат Ж. Атырау қаласының №2 сотының ғимаратында прокурордың арнайы қысқы бас киімін, яғни айырым белгілері мен нышаны бар нысанды киімді заңсыз киген.

Сот жүргізушінің құқығын қорғады

27/03/2024

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Б.-ның АҚ-нан автокөліктің зақымдануына байланысты мүліктік зиянды өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық істі қарады.

Бірінші сатыдағы соттың шешімі бойынша

2023 жылғы 15 маусымда А. және Б. басқарған екі автокөлік соқтығысқан.

Соқтығысудың себебі А.-ның көлігі түскен ашық люк болды.

Соның салдарынан, А.-ның автокөлігі инерция арқылы Б.-ның көлігіне соқтығысып, оған механикалық зақым келтірілді.

Б.-ның зақымданған автокөлігі ішінара жөнделді.

Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары талқыланды

27/03/2024

Атырау қалалық сотында «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Іс-шараға Атырау қалалық соты әкімшісінің басшысы Э.Тулепбергенова және сот қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында Э.Тулепбергенова кәсіби әдеп сот қызметкерлерінің және жалпы сот жүйесінің мінсіз қызметінде елеулі маңызға ие екендігіне тоқталды.

Беттер