Сот сатып алу-сату шарттарын заңсыз деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Атырау қаласының әкімінің бірнеше жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге (ЖШС) шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы жоғарыда аталған талап қоюмен сотқа жүгініп, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2013 жылғы 10 маусымдағы шешімімен Атырау қаласы әкімінің 2002 жылғы 04 желтоқсандағы «А» ЖШС-не жер учаскесін беру туралы шешімі және Атырау қаласы әкімінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі Атырау қаласының Шевченко, Пушкин және Жарбосынов көшелерінің қиылысындағы осы жер учаскесін кеңейту туралы шешімінің заңсыз деп танылғанын көрсетті.

Сот Атырау қаласының әкіміне әкімнің жоғарыда көрсетілген шешімдерінің күшін жоюды міндеттеді. Алайда, Атырау облысының экономикалық сотының 2013 жылғы 10 маусымдағы заңды күшіне енген шешімі орындалмады, жоғарыда аталған шешімдердің күші жойылған жоқ. Сонымен қатар, 2020 жылғы 09 желтоқсандағы сатып алу-сату шарты негізінде жер учаскесі даулы жер учаскесінің соңғы меншік иесі «АС» ЖШС-не заңсыз сатылды.

Атырау қаласы әкімінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі қаулысымен экономикалық соттың 2013 жылғы 10 маусымдағы шешімін орындау үшін Атырау қаласы әкімінің 2002 жылғы 04 желтоқсандағы шешімі және Атырау қаласы әкімінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі шешімінің күші жойылды.

Атырау облысының экономикалық сотының 2024 жылғы 03 сәуірдегі шешімімен барлық даулы сатып алу-сату шарттары жарамсыз деп танылды.

Іс бойынша Атырау облысының экономикалық сотының 2013 жылғы 10 маусымдағы шешімін орындамау бойынша Атырау қаласы әкімінің әрекетсіздігінде көрсетілген анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдау туралы сотпен Атырау облысы әкімінің атына жеке ұйғарым шығарылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

(Сурет ғаламтордан алынды).

Источник: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты