Жарияланымдар

Қазақ

"Екі аяқты қасқырлар» еркінсімесін десек" - Атырау қаласының №2 сотының судьясы Э.Ойкулова, "Заң газеті", №39, 17.05.2022

«ЕКІ АЯҚТЫ ҚАСҚЫРЛАР» ЕРКІНСІМЕСІН ДЕСЕК

Қазіргі таңда мал ұрлығы қоғамдағы ең өткір, ең өзекті мәселенің біріне айналып отыр. Оған қатысты заңды қаншама күшейткенімен, оңай олжа табуға ұмтылған «екі аяқты қасқырлардың» саны азаяр емес.

Сот саласының Дарабозы

«Атырау облыстық сотында да бүкіл саналы өмірін сот саласына арнап, соттың беделі мен абыройын асқақтатуға, кейінгі ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуге зор үлес қосқан ардагерлер көптеп саналады. Солардың бірі сот жүйесінің ардагері Мырзалиев Өтеген Төлеуғалиұлы. Ағамыз тірі болса биыл ғасыр тойын атап өтер едік».

Назарларыңызға Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұловтың «Атырау» газетінде жарық көрген мақаласын ұсынамыз.

Мақала ержүрек майдангер, сот-құқық қорғау саласының айбынды ардагері Ө.Мырзалиевке арналған.

"Әкімшілік әділет институтының негізгі ерекшеліктері" - Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Н.Искакова, "Заң газеті", №27, 05.04.2022

Әкімшілік органдардың шешімімен немесе әрекетімен, әрекетсіздігімен келіспей, жария-құқыққа қатысты дау туындаса, жеке және заңды тұлғалар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі негізінде жаңадан ашылған мамандандырылған әкімшілік соттарға талап қоюмен жүгіне алады. Осылайша, Қазақстанның құқықтық жүйесінде жария-құқықтық дауларды шешуде құқықтық нормалардың кең кешені пайда болды. Шет елдерде ол жалпы термин бойынша әкімшілік даулардың құқықтары немесе әкімшілік юстиция құқығы деп белгіленеді.

Әкімшілік әділет институтының негізгі ерекшеліктері:

"Рақымшылық – қатені түзеуге берілген мүмкіндік" - Атырау қаласының №2 сотының судьясы З.Қазақбай, "Заң газеті", №23-24, 25.03.2022

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтар мен тұтас мемлекетіміздің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстық құқықбұзушылықтар үшін «Рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды. Президенттің бұл шешімі жазасын өтеушілер мен олардың жақындарына үміт сыйлады.

«Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ». Ел тарихында бұған дейін рақымшылық шарасы 8 рет қолданылған еді. Ширек ғасыр ішінде 9-шы рақымшылық шарасын жүргізудегі басты мақсат – темір тордағы азаматтардың санын азайту, олардың қалыпты өмірге оралуына мүмкіндік жасау.

"Билер кеңесінің жоспары айқындалды" - Соттар әкімшісінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.Утегулова, "Заң газеті", №18, 04.03.2022

Атырау облыстық сотында аймақтағы «Билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің жұмысын қорытындылау бойынша жиналыс өтті. Іс-шарада Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов Билер кеңесі татуластырушы билердің тарихи тәжірибесін жандандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Билер – дала демократиясының үлгісі" - Атырау қаласының №2 сотының судьясы Д.Даумов, "Заң газеті", №14, 18.02.2022

Атырау облыстық сотының ұйымдастыруымен заманның заңғар ұлы, Атырау жерінің ардақты перзенті Салық Зиманұлының ғасыр тойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Академик Салық Зимановтың өмір жолы тәуелсіз Қазақстанның құрылуымен тығыз байланысты. Оның Ата Заңымыздың негізін қаласып, бүкіл ғұмырын заңдардың салтанат құруына арнауы – осының айқын дәлелі.

Беттер