Жарияланымдар

Қазақ

«Татуластырушы - судья тараптармен жеке-жеке сөйлесе алады» - Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Н.Искакова,"Заң" журналы №1/2021

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сай, республика деңгейінде татуластырушы судьялар жұмысқа кірісті. «Медиация туралы» заңның аясында, соттармен дауды (жанжалды) сотқа дейін және сотта татуласу келісімімен аяқтау жобалары жүзеге асырылып, оң нәтижесін беруде. Аталған заңның 1-бабында медиацияның қолдану саласы айқындалған.

Тілін тістеп сөйлеуі керек еді...

Махамбет аудандық  сотының қаулысымен аудан әкімі аппаратының  жетекшісі Н. К. аудандық  жер қатынастары бөлімінің жүргізушісін қызмет орынында  жөнсіз балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқаны  үшін әкімшілік жазаға тартылды.

 ҚР ӘҚБтК-ның 330-бабы, 1-бөлігімен айыпталған мемлекеттік қызметкерге  сот 10 айлық есептік көрсеткіш , яғыни ,18 520 теңге мөлшерінде айыппұл салу туралы қаулы шығарды.

Балаларына экстремизмді насихаттаған

Жылыой аудандық соты Құлсары қаласында тұратын ерлі-зайыпты Б. және Н.-ға қатысты кәмелет жасына толмаған балаларына (барлығы алты бала) экстремизмді насихаттағаны үшін ҚР ҚК-нің 233-4 бабының 1-бөлімімен («Террористік не экстремистік қызметті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе дайындау не қаруландыру») үкім шығарды.
 

Экс-әкімнің ісі. Көпірлер

2 сәуірде 26 наурызда басталған «Көпірлер» блогы бойынша сот тыңдауы аяқталып, сот «“Бизнес-көмек” Мемлекеттік қоры» топтамасын қарауға кірісті.
 
150 МЫҢЫН АЛЫП, ЖҮРЕ БЕРГЕН
 

Сәдуақасовтың ісі: 10 жылдың орнына 3 жыл алды

Облыстық соттың мәліметі бойынша, кеше, Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасы қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығы Серік СӘДУАҚАСОВҚА қатысты қылмыстық іс бойынша қаулыны жария етті: үкім ішінара өзгертілді.
 

Беттер