Жарияланымдар

Қазақ

"Ұлт келешегінің кепілі" - Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы С.Абугалиева, "Заң газеті", № 62, 08.08.2021

Қоғамның белсенді мүшесі болып қалыптасуы үшін жасөспірімдердің құқықтық санасын үнемі жетілдіріп отыру қажет. Сонда жеткіншектердің өмірде ағаттық істеп сүрінуіне, өкінуіне, өмірден өз орнын таба алмай қиналуына жол бермейміз. Тәрбие – тал бесіктен. Бүгінгі жеткіншек қоғамымыздың ертеңгі белсенді мүшесі. Сондықтан да жастардың келешегі үшін күресу әрқайсысымыздың абыройлы борышымыз.

"Зимановпен мақтанамыз" - Қызылқоға аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы А.Байназаров, "Заң газеті", №61, 03.08.2021

Биыл еліміз дарабоз заңгер, академик Салық Зиманұлының 100 жылдық мерейтойын атап өтті.

Бүкіл Алаш жұрты армандаған егемендігіміздің тұғырлы болуына, тәуелсіз қазақ елінің тұғыш Ата Заңының қабылдануына өлшеусіз үлес қосқан заңгер-ғалым С.Зимановты біздер сот саласының судьялары мен қызметкерлері ерекше құрметтейміз. Өзімнің судьялық қызметімді ардақты ағамыздың туған жері – қасиетті Қызылқоға өңірінің аудандық сотында бастауым мен үшін үлкен сәттілік, тағдырдың ерекше сыйы деп қабылдаймын.

«Судьялықтың жолы ауыр, жауапкершілігі жоғары» - Жылыой аудандық сотының төрағасы Б.Жұмабаев, "Заң" журналы, №7/2021

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА Болатбек Жұмабаев 1975 жылы 1қаңтарда Атырау облысы Махамбет ауданы, Заурал селосында дүниеге келген. 1996 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

«Жемқорлардың жетегінде кетпейік!» - Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.Саудабаев, "Заң газеті", №47, 15.06.2021

Егеменді еліміздің кез келген азаматы өзінің бұзылған мүддесін, құқығын, бостандығын қорғау үшін жемқорлыққа қарсы кодексте белгіленген тәртіппен әкімшілік органға, лауазымды адамға немесе сотқа жүгінуге құқылы. Ол үшін міндетті түрде өтініш, лауазымды адамның немесе әкімшілік органның іс-әрекеті басшылыққа алынады. Бұл ретте соттың рөлі жоғары.

«Білікті төраға, біртуар азамат еді» - Атырау облыстық сотының төрағасы Б.Жұмағұлов, "Заң газеті", №46, 11.06.2021

Сот саласында ұзақ жылдар иық тіресе жұмыс жасаған, қарапайымдылығымен, биік адамгершілігімен көптің көкейінде қалған әріптесіміз туралы өткен шақпен пайымдау қаншалықты қиын, қаншалықты ауыр екені айтпаса да түсінікті. Артына ұлағатты ұрпақ, өнегелі іс қалдырған, отандық сот жүйесінің абыройын асқақтатуға сүбелі үлес қосқан марқұм Қадырғалиев Базарғали Мамышұлының есімі біздің жүрегімізден өшпек емес, қайта жылдар өткен сайын жаңғыра түсері даусыз.

«Съезд тың серпін берді» - Атырау қаласының №2 сотының судьясы, ҚР Судьялар одағының Атырау облысы бойынша филиалының хатшысы Г.Мутиева, "Заң газеті", №45,08.06.2021

Өткен жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында онлайн режимде ҚР Судьялар одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің VІІІ съезі өтті. Судьялар қоғамдастығы съезден съезге дейін атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алда іске асыратын мақсат-міндеттерді айқындады. Сот билігінің беделін арттыру жолындағы келелі мәселелер ортаға салынды.

«Тіл бар жерде, ұлт бар» - Атырау қаласының №2 сотының судьясы З.Қазақбай, "Заң газеті", №43, 01.06.2021

Жылдар бойы әртүрлі экономикалық, әлеуметтік және саяси мәселелер қатарынан түспейтін өзекті сұрақ – мемлекеттік тілдің аянышты тағдырымен байланысты. Туған тіліміздің шешілмей келе жатқан түйінді мәселелері баршылық. Бұған дейін де талай зиялылар тілді тұғырына көтеруге барын салды. Өйткені, тілсіз ұлттың келешегі бұлыңғыр. Меніңше, қазақ тілінің үстемдік құруына қарапайым ел азаматтарынан бастап, түгел мемлекеттік жүйе, жеке сектор, қоғамдық белсенді топтар мүдделі болуы тиіс. Өйткені, ортақ мақсатқа жұдырықтай жұмылғанда ғана қол жеткізуге болады.

«Тарихқа тағзым» - Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Б.Дүйсебалиева, "Заң газеті", №42, 28.05.2021

1993 жылдың 14 сәуірінде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Ізінше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жыл – Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жарияланды. Бұл – ұлтымыздың болашағы үшін құрбан болған боздақтарға, Алаш қайраткерлеріне, тарихи тұлғаларға деген үлкен құрмет.

«Әр съездің орны бөлек» - Атырау қаласының №2 сотының судьясы Г.Даулешова, № 41, 25.05.2021

Бүгінде сот жүйесінің барлық негізгі бағыттары бойынша жетістіктер көп. Сот төрелігінің заңнамалық базасын жаңарту және соттар қызметінің материалдық-техникалық жағын жақсарту тұрғысынан ілгері жылжу бар. Осы өзгерістердің қолға алынуына республика судьяларының съезі үлкен ықпал етті. Өйткені бұл басқосулар алдағы төрт жылда атқарылатын жаңа бағыттарды айқындап беруімен құнды.

Беттер