Жарияланымдар

Қазақ

«Ұстаздарымның ұстазы» - Атырау облыстық сотының төрағасы Б.Жұмағұлов, "Заң газеті", №37-38, 14.05.2021

Қазақ заңгерлері когортасының көшбасшысы – Салық Зиманұлының туғанына биыл 100 жыл. Осы қарапайым да айбарлы есімді білмейтін, құрметтемейтін адам алты алашта жоқ десем, асыра айтқандық емес. Бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, оның Ата Заңының қабылдануына өлшеусіз үлес қосқан заңгер-ғалым С.Зимановты еліміздің сот, прокуратура, құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздеріне ұстаз, ақылшы аға деп қабылдайды.

«Кодекс тараптар арасындағы теңсіздікті жояды» - Қызылқоға аудандық сотының судьясы А.Байназаров, "Заң" журналы, № 5/2021

Сот шешімдерінің сапасын көтеру арқылы ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саладағы ең басты міндет болып табылады. Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында «Қоғамның соттарға деген сенімін орнықтыру басымдығы бар мақсатқа айналуы керек. Бұған мемлекет пен судьялар корпусының өз күштерін жұмылдыруы арқасында ғана қол жеткізуге болады», — деп атап көрсетті.

«Қылмыстық істі электронды түрде қараудың артықшылығы» - Атырау қаласының №2 сотының төрағасы М.Нағашыбаев, "Заң газеті", № 34, 30.04.2021

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттың табысты болуы табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалатыны айтылған. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессиялық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы десек шындықтан ұзамаймыз. Сол үшін барлық саланы талапқа сай жаңғыртып отыру маңызды.

«Еңбегімен ер сыйлы» - Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі, "Заң газеті", № 33, 27.04.2021

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Боранбай Ғалиевтің зейнетке шығуына байланысты салтанатты жиын өтті. Оған облыстық соттың ұжымы, бейнебайланыс арқылы аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, Жоғарғы Соттың Коммуникация орталығының өкілдері қатысты.

«Сот дамуы әлемдік талаптарға сай» - Атырау қалалық сотының судьясы А.Серикова, "Заң газеті", № 29, 13.04.2021

Еліміз егемендігін жариялаған 30 жылдың ішінде сот саласын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, судьялар мен сот қызметкерлерінің тәуелсіздігін нығайтып, сот реформаларын іскерлікпен жүзеге асыру бағытында ұлан-ғайыр жұмыс тындырылды. Тәуелсіз ел ретінде өз Ата Заңымыз, Елтаңба, мемлекеттік Әнұран мен Ту және ұлттық теңгеміз қолданысқа енгізілді. Араға 3 жыл салып, әлемдік стандарттарға сай Конституция жаңартылып, Бас құжат республикалық референдумда бүкілхалықтық қолдауға ие болды.

«Шаңырақ - әкенің патшалығы, ананың әлемі, сәбидің жұмағы» - Жылыой аудандық сотының төрағасы Б.Жұмабаев, "Заң газеті", №27, 06.04.2021

Деректер мен дәйектерге көз жүгіртсек, республикамызда ресми тіркелген әрбір үшінші неке бұзылады екен. Бұл өте көп. Некені бұзу дегеніміз ерлі-зайыптыларды екіге айыру емес, бұл жерде ең көп зардап шегетіндер – балалар. Олардың ата-анасының ажырасуынан алған психологиялық соққысы тез жазыла қоюы екіталай. Ажырасу – балалардың болашақ тағдырына да кері әсерін тигізіп, теріс жолға түсуіне итермелейтіні бүкпесіз шындық.

«Тараптар арасындағы теңсіздік жойылады» - Қызылқоға аудандық сотының судьясы А.Байназаров, "Заң газеті", № 26, 02.04.2021

Сот шешімінің сапасын көтеру арқылы ел азаматтарының құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету сот жүйесінің басты міндеті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Қоғамның соттарға деген сенімін орнықтыру басымдығы басты мақсатқа айналуы керек. Бұған мемлекет пен судьялар корпусының өз күшін жұмылдыруы арқасында ғана қол жеткізуге болады», – деп атап көрсетті. Президент тапсырмасын іскерлікпен жүзеге асыру бағытында Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановтың бастамасымен «Сот жүйесінің жеті түйіні» бағдарламасы қолға алынды.

«Алаяқтар аямайды» - Атырау қаласының №2 сотының судьясы Ж.Ташимов, "Заң газеті", №26, 02.04.2021

Алаяқ қылмысты басқа адамның сенімін теріс пайдаланып, алдау арқылы оның мүлкін, ақшасын жымқыру немесе бөтен мүлікті құқықты иемдену арқылы жасайды. Алаяқтар көбінесе шешендік дарыны бар, өтірікті шындай етіп жеткізетін айласы басым адамдар. Олар тез әрекет етіп, құрбанының ойлануына, басқадай ақпарат алуына мүмкіндік бермейді. Жылдам шешім қабылдау қажет болғандықтан, зардап шегуші оның ұсынысын қабылдауға мәжбүр болады. Көбінесе жапа шеккен адамдар өздерінің не істеп жүргенін түсінбей қалады.

«Қылмыстық процесте азаматтар құқығын қорғаудың жаңа моделі» - Атырау қаласының №2 сотының судьясы Э.Ойкулова, "Заң газеті", №17, 02.03.2021

2021 жылдың басынан бастап елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы жұмыс істей бастады. Президент Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында әлеуметтік-экономикалық даму заң үстемдігінсіз және азаматтар қауіпсіздігіне кепілдік берілмей табысты іске аспайтынын атап өтті.

Беттер