Жаңалықтар

Әкесі ұлының оқу ақысын төлеуге міндеттенді

20/03/2024

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқу ақысын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, талап қоюшы Д. мен жауапкер С. арасындағы заңды неке бұзылғаннан кейін ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған жасөспірім ұлы анасымен бірге тұрған.

Талап қоюшы өз талап арызында ортақ ұлдары күндізгі оқу нысаны бойынша Атырау жоғарғы медициналық колледжінің ақылы бөлімінің студенті екендігін, алайда, бүгінгі күні әкесінің алимент бойынша міндеттемелерін өз еркімен орындамағанын көрсеткен.

Атырау қалалық сотында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында интеллектуалды ойын өтті

20/03/2024

Атырау қалалық сотында сот қызметкерлері арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - қоғамның әр түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағұлмат беру, пікір алмасу, өз ойларын жеткізу.

Мұрагерлік құқық

20/03/2024

Атырау қалалық сотының судьясы Зухра Мукашева «AZAN» радиосындағы «Заң және қоғам» бағдарламасының кезекті шығарылымында «Мұрагерлік құқық туралы не білеміз?» тақырыбында сұхбат берді.

Судья Қазақстан Республикасындағы мұрагерлік ұғымы, құрамы, міндеттері мен құқықтары және мұраның маңыздылығына тоқталып өтті.

Сонымен қатар, мұрадан бас тарту тәртібі, мұраны қабылдау уақыты, қайтыс болғаннан кейінгі банктік қарыздардың мұрагерлерге өтуі, өсиет қалдыру құқығы, кәмелетке толмағандардың мұрагерлік құқығы туралы айтты.

Бұзақылық жасағандары үшін сотталды

14/03/2024

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында атыс қаруын және денсаулыққа зиян келтіретін басқа заттарды қолдану арқылы бұзақылық жасағандары үшін айыпталған Л. және А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-тің 293-бабының 3-бөлігі).

Сотпен анықталғаны

2023 жылғы 20 қарашада Жаңа Қаратон поселкесінде сотталушылар А. және Л. темір арматура және травматикалық тапаншамен қаруланып, тоқтап тұрған «Т» ЖШС-нің қызметтік автобусына кірген және бұзақылық ниетпен жолаушы С.-ны ұрып, оған қарай травматикалық тапаншадан екі рет оқ атқан. Кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

Әдеп нормаларының сақталуы

12/03/2024

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлжан Жұмағалиева Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын сақтау туралы семинар өткізді.

Семинарға аудандық және оған теңестірілген соттар әкімшісінің басшылары және мамандары қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты – сот қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметшілердің әдептік нормаларының сақталуы, ол жөнінде кешенді білімді қалыптастыру болып табылады.

Анасы өзінің жаңа туған балаларын сатқан

11/03/2024

Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 5 сотталғанға қатысты үкімін апелляциялық тәртіпте қарады.

Сот үкімімен сотталушы С.А. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет дәрменсiз күйдегі кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқаны, сондай-ақ, бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Атырау облыстық сотында ұжымның нәзік жандыларын мерекемен құттықтады

07/03/2024

Бүгін Атырау облыстық сотының төрағасы Мухтар Парменов облыстық соттың нәзік жандыларын 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады.

Іс-шараға облыстық сот судьялары, Сот әкімшілігі Атырау облысы бойынша Департаменті қызметкерлері қатысты.

Атырау облыстық сотының төрағасы Мухтар Парменов қоғамдағы әйелдердің белсенді қызметін, сот жүйесіндегі рөлін атап өтіп, ұжымның нәзік жандыларын мерекемен құттықтап, денсаулық, даналық пен түсіністік, отбасылық бақ-береке және көктемгі көңіл-күй тіледі.

Атырау қалалық сотында үстел теннисінен және садақ атудан турнир өтті

07/03/2024

Атырау қалалық сотымен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай сот қызметкерлері арасындағы «Тимбилдинг» ұйымдастырылып, үстел теннисінен және садақ атудан турнир өткізілді.

Өткізілген шараның мақсаты - қызметкерлердің ұйымшылдығын жоғарылату, бір-бірінің жеке қасиеттерін танып-білу, бірігіп жұмыс жасауға ынталандыру, жоғары тиімділігі бар бірлескен әрекеттер тәжірибесін қалыптастыру, бейімділігін дамыту.

Өткізілген іс-шара команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, ұжымның бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізді.

Сот алқасымен медиациялық келісімдер бекітілді

06/03/2024

Атырау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы екі әкімшілік іс бойынша медиациялық келісімдерді бекітті.

Атап айтқанда, олар мемлекеттік органның шешіміне дау айтуға байланысты және салық дауы бойынша істер.

Бірлескен семинар өтті

06/03/2024

Атырау облыстық соты ғимаратында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша Департаментінің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен семинар өтті.

Беттер